қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2025

Abai University оқытушысының Бухара мемлекеттік педагогикалық институтына халықаралық білім беру сапары  


2025 жылғы 21–29 қараша аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ‘Педагогика және психология’ институты ‘Бастауыш білім беру’ кафедрасының қауымдастырылған профессоры Адлет Кариев «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында Бұхара мемлекеттік педагогикалық институтына (Өзбекстан) халықаралық білім беру сапарын жүзеге асырды. Сапар барысында профессор «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша студенттерге дәрістер оқып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи педагогикалық әдістерімен, инклюзивті тәжірибені іске асырудың халықаралық үрдістерімен және мектептегі қолдаудың тиімді әдістемелік шешімдерімен таныстырды.

Сонымен қатар, оқыту сапасын арттыруға бағытталған инновациялық педагогикалық әдістер жөнінде шеберлік сабағын өткізді. Студенттер мен магистранттар сұрақ қойып, пікірталастарға белсенді қатысып, ұсынылған материалдардың тәжірибелік құндылығын ерекше атап өтті.

Білім беру сапары аясында институттың оқу ісі жөніндегі проректоры Мухиддин Бафаевпен ресми кездесу ұйымдастырылып, профессорға кампус бойынша экскурсия жасалып, оқу орнының заманауи білім беру инфрақұрылымы таныстырылды.

Институт басшылығы қазақстандық ғалымға оқу үдерісін дамытуға қосқан үлесі мен екіжақты халықаралық әріптестікті нығайтудағы еңбегі үшін терең ризашылығын білдірді.

Халықаралық сапар Қазақстан мен Өзбекстан университеттері арасындағы әріптестік байланысты кеңейтіп, білім мен педагогикалық тәжірибе алмасу ісіне жаңа серпін берді.




  alt=  

  alt=  

  alt=  

 

 

 




Кері оралу