қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2025

БАХЫТ ӘЛІПОВАМЕН NETWORKING-КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауыш білім беру» кафедрасында Кентукки университетінің (АҚШ) және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (Қазақстан) профессоры Бахыт Әліпованың қатысуымен Networking-кездесу өтті. Іс-шараға «7М01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1–2 курс магистранттары мен кафедра оқытушылары қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – «Instructional Analytics and AI: Using Big Data in Education Research». Бахыт Әліпова математикалық және компьютерлік модельдеу саласындағы халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, білім беру зерттеулерінде жасанды интеллект пен Big Data технологияларын қолданудың заманауи тәсілдерімен таныстырды. Ол AI-алгоритмдерінің оқу үдерісін талдаудағы мүмкіндіктерін көрсетіп, білім беру бағдарламаларының тиімділігін бағалауда практикалық мысалдармен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар білім беру зерттеулеріне ИИ-технологияларды енгізудің перспективаларын, Big Data-ны интерпретациялау әдістерін, оқу сапасын арттырудағы оқу аналитикасының рөлін және білім беруді цифрландырудың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жасанды интеллектіні бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау және магистранттардың зерттеу жұмыстарында қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

Networking-кездесу тәжірибе алмасудың, кәсіби қарым-қатынастың және жаңа зерттеу идеяларының алаңына айналды. Қатысушылар ұсынылған материалдың практикалық маңыздылығын атап өтіп, болашақта да осындай кездесулердің жалғасуына қызығушылық білдірді.




  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Кері оралу