
Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
24.12.2025
Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушыларының Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы 2025 жылғы 15–20 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушылары – п.ғ.д., профессор Аренова А.Х. және PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Жунусбекова А. – Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінде (Баку қ.) ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. Тағылымдама «Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық тәуекелдерін концептуалды зерттеу» атты ғылыми жоба аясында жүзеге асырылды. Аталған жоба Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарапынан қаржыландырылды (№ 05-04/250 бұйрық, 03.04.2025 ж.). Тағылымдама барысында педагогика және психология факультетінің басшылығымен, сондай-ақ «Бастауыш білім беру» және «Математика пәнін оқыту әдістемесі» кафедраларының меңгерушілерімен ресми кездесулер өтті. Кездесулерде болашақ педагогтарды даярлау ерекшеліктері, білім беру бағдарламалары, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ мен Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды. Педагогикалық білім беру үдерісіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні интеграциялау мәселелеріне ерекше назар аударылды. ӘМПУ-дың «Бастауыш білім беру» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы үшін ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинар барысында жасанды интеллектіні білім беру тәжірибесінде қолдану, оның этикалық қырлары, сондай-ақ ғылыми жобаларды дайындау және іске асыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстан мен Әзербайжандағы бастауыш сынып педагогтерін даярлау тәжірибесі бойынша өзара тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Тағылымдама аясында п.ғ.д., профессор Аренова А.Х. және PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Жунусбекова А. ӘМПУ-дың «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 1-курс білім алушыларына арналған дәрістер өткізді. Дәрістер орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану және оны пайдаланудың этикалық аспектілеріне арналды. Сонымен қатар қабылдаушы университеттің профессор-оқытушылар құрамы өткізетін дәрістерге қатысу арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру және оқыту әдістемесімен танысу мүмкіндігі болды. Тағылымдаманың маңызды кезеңдерінің бірі – Әзербайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Дж. Джафаровпен және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, профессор М. Гусейновамен өткен кездесу болды. Кездесу барысында бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту, халықаралық ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ қос дипломды білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары «Жоғары педагогикалық білім беру жүйесіндегі ғылым: шынайылықтар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Конференция Нахчыван мұғалімдер институтының базасында (Нахчыван қ., Әзербайжан) өтті. Конференция аясында «Білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні енгізудің этикалық аспектілері» тақырыбындағы ғылыми мақала ұсынылды. Өткізілген ғылыми тағылымдама оқытушылардың ғылыми және кәсіби құзыреттерін арттыруға, халықаралық ғылыми байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Әзербайжан университеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етті.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|