
Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
16.02.2026
«Халықаралық қатысумен өткен кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған өлкетану мазмұнындағы математикалық есептердің VI республикалық балалар байқауының қорытындылары
Бастауыш білім беру кафедрасы алтыншы рет дәстүрге айналған, халықаралық қатысумен өткізілетін кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған өлкетану мазмұнындағы математикалық есептер байқауын ұйымдастырды. Байқау қашықтан (онлайн) форматта өткізіліп, Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен (Астана, Алматы, Тараз, Алматы облысы, Жамбыл облысы) 1–4 сынып оқушылары, сондай-ақ Ресей Федерациясының мектептері (Мәскеу облысы, Лобня қаласы) қатысты. Байқауға барлығы 87 жұмыс ұсынылды. Байқауға белсенді қатысқан білім беру ұйымдарының қатарында: NGS School, Giraffe Primary School, М. Бегалин атындағы №120 гимназия, №8 мектеп-гимназия, М. Турлыханова атындағы гимназия жеке оқу орны, «KEMEL» қалалық физика-математикалық мектебі, №46 гимназия (Алматы қ.), Алмалыбақ ауылының мектеп-гимназиясы (Алматы облысы), РФММ (Астана қ.), МБОУ ИТЛ «Авиатика» (Лобня қ., РФ) бар. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: «Туған өлкенің сәулеті», «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) мәдени өмірі», «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) спорттық жетістіктері», «Менің өлкемнің тарихы», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымның ерлігі», «Менің өлкемнің географиясы», «Менің кіші отанымның көрнекті тұлғалары». Байқау жұмыстары 2026 жылғы 31 қаңтар мен 11 ақпан аралығында байқау комиссиясы тарапынан бағаланды, ал нәтижелер 2026 жылғы 12 ақпанда ресми түрде жарияланды. Қазылар алқасының құрамына Қазақстан және Ресей Федерациясындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен тәжірибелі мұғалімдер енді: ҚазҰҚПУ профессорлары Л.Е. Агеева, Е.Н. Агранович; Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушылары Р.Ж. Базарбекова, Ж.Қ. Астамбаева; бастауыш сынып мұғалімдері Н.В. Верзилова (Алматы қ., «Prometeus» мектебі), А.Қ. Джанкенова (Алматы облысы, Бекболат ауылы, Қапал Батыр атындағы орта мектеп), З.А. Обулгазиева (Алматы қ., №15 мектеп-гимназия), И.В. Фарат, К.М. Бородихина (Алматы қ., 73-гвардиялық Қызыл Тулы Сталинград-Дунай атқыштар дивизиясы атындағы №64 ЖББМ), Р.М. Кебирова (Алматы қ., №46 гимназия), В.В. Буровова (Мәскеу қ., №548 мектеп, РФ), Е.В. Рябова (Лобня қ., МБОУ ИТЛ «Авиатика», РФ). Үздік байқау жұмыстары идеясының бірегейлігімен, өлкетану мазмұнының сапалылығымен және тиісті сыныптың математикалық мазмұнына сәйкестігімен ерекшеленді. Байқаудың ұйымдастыру комитеті құрамына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «7М01303 – Полимәдени ортадағы бастауыш білім» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары К.В. Дегтярёва, Е.А. Кулакова, сондай-ақ «Бастауыш білім беру» кафедрасының профессорлары А.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева кірді. Байқауды өткізу оның кіші мектеп жасындағы оқушылардың зерттеушілік ойлауын дамытудағы, математикаға және туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттырудағы маңыздылығын тағы да дәлелдеді.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|