қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2026

«Сағира Рахметованың 95 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-әдістемелік кеш өтті

 

2026 жылғы 3 наурызда көрнекті ғалым-ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сағира Рахметованың 95 жылдық мерейтойына арналған «Сағира Рахметова мұрасы және бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуы» атты тұлғалық-портрет кеші өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ғалымның ғылыми-әдістемелік мұрасын насихаттау, оның бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесін заманауи білім беру кеңістігі тұрғысынан қайта зерделеу және жас ұрпаққа үлгі ету. Кеш «Бастауыш білім беру» кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. Ашылу салтанатында кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жумабаева Азия Елеупановна құттықтау сөз сөйлеп, Сағира Рахметованың қазақ педагогикасындағы орны мен ғылыми мектебінің маңызын атап өтті. Іс-шара барысында ғалымның өмір жолы мен ғылыми қызметіне арналған бейнежазба ұсынылып, оның ұстаздық болмысы мен ғылыми ізденістерінің тағылымы кеңінен көрсетілді. Мерейтой аясында ұйымдастырылған «Әдістемелік STARTUP» байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау жеңімпаздарына тағайындалған ақшалай сыйлықтар бастауыш білім беру кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының жеке бастамасымен және қолдауымен берілді. Бұл – Сағира Рахметова мұрасын жаңғырту ісіне деген құрметтің және болашақ мұғалімдерді кәсіби тұрғыдан қолдаудың айқын белгісі. Жүлдегерлер өз жобаларын таныстырып, ғалым идеяларын цифрлық форматта жүзеге асырудың нақты үлгілерін көрсетті. Кештің құрметті қонағы С.Рахметованың қызы Ғалия апай сөз сөйлеп, отбасы атынан алғыс білдірді. Ғылыми-әдістемелік кеш Сағира Рахметованың еңбегіне тағзым ғана емес, оның идеяларын заманауи білім беру кеңістігінде жалғастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

 

  alt=    

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу