қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2018

Болашақ мұғалімдер құрамынан Тимуровтар тобы

 

Күзгі күнтізбеде егде адамдардың жүректерін қоршаған ортаға деген терең ризашылық сезімін тудыратын ерекше мейрам бар. Бұл Халықаралық қарттар күні.


Бұл күні барлық егде жастағы адамдарға ерекше көңіл бөліп, оларға алғыс сөздер айтып, жағымды тосынсыйлар жасағымыз келеді. Міне, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс студенттері эдвайзері Мариям Бекбаева бастаған осы атаулы күні тимуровшылар жұмысын ұймдастырды. Оның мәні - қарт адамдарға көмек қолын созып, оларға жылуды ұшқындату.

 

Тимуровтар күнделігінен:

19.10.2018 жылы Огаркова Любовь Геннадьевна 1949 жылы туған. Үй иесі бізді жақсы қарсы алды. Біз оған үй тазалау жұмыстарына көмектесіп, аулада түскен жапырақтарды жинадық және отын жардық.

 

Біз одан әрі қарияларға қолдау көрсету және көмек көрсету үшін жаңа мүмкіндіктер ойлап табатын боламыз. Қарт кісілер, ата-әжелереміз өздерін керексіз сезінбеу үшін бір ғана нәрсені орындау қажет ол - бізге қымбат екенін көрсету. Өздеріңізді және жақындарыңызды бағалаңыздар!

 

Шын жүрекпен қарт кісілерге көмектесіңіздер!

 

   

 

   




Кері оралу