қазақша · русский · english
 
 
 
30.11.2018

«Менің мамандығым - педагог»

 

Бастауышта оқыту педагогикасымен әдістемесі кафедрасы ұйымдастырған «Менің мамандығым - педагог» халықаралық эссе байқауының қорытындысы шығарылды (байқауға жауапты п.ғ.м., аға оқытушы Рябова Екатерина Владимировна). Биылғы жылы байқауға студенттердің жұмыстары рекордтық мөлшерде келіп түсті - тақырып бойынша 50 эссе. Қазан Федералды университетінен (Татарстан), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінен (Қазақстан), Марий мемлекеттік университетінен (Марий Эл Республикасы) студенттердің жұмыстары келді.Эссе авторлары әртүрлі мемлекеттен болса да, олардың мамандық таңдау туралы ойлары ұқсас. Олар өздерінің болашақ мамандығының қиындығы мен қызығын түсінеді. Педагог мамандығының маңыздылығын дұрыс бағалайды.


Біздің студенттер жүлделі орындарды иеленді:
I-ші орын - Гүлім Мулдабекова және Мадина Каиржанова;
II-ші орын - Аружан Мәдени және Нұрай Қойшыбай;
III-ші орын - Гүлжәйна Жеңіснұр, Үкілім Иса, Гүлжан Умирзакова.

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу