қазақша · русский · english
 
 
 
14.03.2019

Онлайн режиміндегі «дөңгелек үстел»

 

13 наурызда «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн режимінде «Көптілді білім беру: мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық «дөңгелек үстел» өтті.

 

«Дөңгелек үстел» жұмысына кафедра оқытушылары, студенттер мен магистранттар, Қазан федералдық университеті Психология және білім институтының «Бастауыш білім беру» және Помор Білім Академиясының «Педагогика» мамандықтарының студенттері (Слупск қ., Польша) қатысты.

 

Іс-шара барысында арнайы әзірленген көптілді білім беруді енгізу туралы әлеуметтік пікірлер қарастырылған бейнероликтен басталып, студенттердің талқылауымен жалғасты. Бейнематериалдарды көріп, Қазақстанда да, Ресейде де, Польшада да қоғам бірнеше тілді меңгеруге мүдделі деген қорытындыға келді, бұл қарым-қатынас пен өзара іс-қимыл шекарасын кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

Дөңгелек үстелдің екінші және үшінші мәселесі ЖОО мен мектепте көптілділікті ұйымдастыруға қатысты болды. Студенттер осы мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.

 

Онлайн режиміндегі «дөңгелек үстел» соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Іс-шараны ұйымдастырушы және модераторы - педагогика магистрі, аға оқытушы Екатерина Рябова.

 

   

 

   




Кері оралу