қазақша · русский · english
 
 
 
28.03.2019

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражайына экскурсия

 

2019 жылдың 27 наурызында Наурыз мейрамына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Оқытушы Айгуль Сафаргалиеваның жетекшілігімен «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенттері Қазақстанның бай тарихымен танысты.


Мұражай ғимараты 3 қабат және оның жалпы ауданы 17577 шаршы метрді қамтиды. Өз аумағында 4 көрме залы және көрме галереялары бар. Бүгінгі күні Алматыдағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі өз коллекциясында еліміздің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері болып табылатын 200 мыңнан астам экспонаттар жинады. Мұражайдың барлық залдарындағы жәдігерлік бұйымдармен танысқан студенттерге бұл экскурсия ұмытылмас әсер қалдырды.

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Кері оралу