қазақша · русский · english
 
 
 
08.05.2019

«Күмбірле, қоңыр домбыра»

 

2019 жылдың 6 мамырында Педагогика және психология институтында «5B010200- Бастауышта оқыту педагогикасы мен əдістемесі» мамандығының 1 курс қазақ бөлімінің студенттері «Аспаптық дайындық» пәні бойынша «Күмбірле, қоңыр домбыра» концерт-сабақ өткізді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін осы пән бойынша аға оқытушы Гауһар Қамза дайындап келеді.

 

Студенттер ешқандай музыкалық дайындықсыз не бәрі үш жарым айдың ішінде үйренген домбыраның сүйемелдеуімен 10-нан астам мектеп репертуарынан әндерді және шағын күйлер тартты. Сонымен қатар талантты студенттердің бірі Ақерке Сәрсенбек «Келіншек» күйін, Қойшыбай Нұрай «Есіңе мені алғайсың» әнімен есеп беру концертін аяқтады.


Концертті ұйымдастыру, дайындап өткізу студенттерді ортақ мақсатқа біріктірді. Студенттер орындаған шығармалар негізінде концерт тақырыбы ашылып, афиша дизайны, көйлектер мен костюмдер. Әрбір қойылым қызықты пікірлер мен орындалған шығармалар жайлы тың деректермен қатар жүрді.

 

   

 

   

 




Кері оралу