қазақша · русский · english
 
 
 
28.05.2019

Балаларға шаттық сыйлаңыз!


2019 жылдың 27 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Абай үні» атты қайырымдылық акциясы өтті. Аталмыш акция аясында, Педагогика және психология институты Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Бекбаева Мариям Темірғалиқызының ұйымдастыруымен 1курс сырттай бөлімінің студенттеріне «1 маусым - халықаралық балаларды қорғау» күніне орай №147 балабақшасында мерекелік іс-шара өткізді.


Іс-шараның мақсаты: балаларға қамқорлық танытып,санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру. Мерекелік шарада балаларға ойын ойнатып, олармен бірге би билеп, ән айтылды. Шара соңында балаларға сыйлықтар (көркем жазу дәптерлері, шарлар, түрлі-түсті борлар) таратылды. Балабақша қызметкерлері ризашылдықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

 

   

 

   




Кері оралу