қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2019

«Академиялық адалдық» кодексі

 

2019 жылдың 21-23 қазаны күндері Педагогика және психология институтының Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының студенттері арасында «Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық саясаты» бойынша іс-шара өткізілді. Іс - шараны ұйымдастырушылар: Сафаргалиева А.И., Абдықадыров А.О., Камза Г.Б., Исмагулова Р.С., Искакова Л.М., Бекбаева М.Т.

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 1, 2, 3 курс студенттері біздің университеттің академиялық адалдық қағидаттарымен танысты. Онда университет Академиялық адалдық кодексінің жалпы ережесі, анықтамалары, қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері, академиялық әділетсіздік түрлері, академиялық адалдық саясатын бұзушылыққа қарсы қолданылатын жазалар мен тәртіптік шаралар, академиялық адалдық саясатын бұзушылықтың алдын алу сонымен қатар, қорытынды ережелері туралы ой бөлісті.

 

Тәлімгерлер атап өткендей, академиялық адалдық оқу процесінің басты құндылықтарының бірі болып табылады. Осы Кодекстің моральдық ережелері барлық студенттер үшін негіз болуы керек, ал таза сессия -қалыпты жағдай болуға тиіс.

 

Сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырушылар университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты туралы да мысалдар келтірді.

 

Іс-шараның қорытынды бөлімінде әр қатысушыға «Академиялық адалдық кодексі» таратылды.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу