қазақша · русский · english
 
 
 
28.10.2019

Академиялық ұтқырлық - білім беру үдерісін жетілдіру құралы

 

2019 жылдың 25 қазаны күні Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасында 14.10.2019-25.10.2019 жж. аралығында ғылыми тағылымдамадан өткен Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің 2-курс магистранттары Оразбек Гульназ, Нажипова Азиза, Муратбк Назерке, Ракишева Гайша, Мұхтар Эльмираның  есебі тыңдалды. Көрсетілген уақыт аралығында магистранттар келесідей жұмыстар атқарған: университет құрылымымен, оқу ғимараттарымен танысқан, оқу дәрісханаларының материалдық-техникалық базамен жабдықталу жағдайына назар аударған, кафедрадағы құжаттармен танысып, бекітілген жетекшілерден (п.ғ.д., профессор Ә.Е. Жұмабаева, п.ғ.к., профессор Г.И. Уайсова, п.ғ.к., қауымд.профессор Г.Т. Сәдуақас, п.ғ.к., аға оқытушы А.С. Стамбекова, PhD доктор, аға оқытушы Н.Т. Сартаева) кеңес алған, магистранттардың сабақтарына қатысқан, университет кітапханасы мен ҚР Ұлттық кітапханасына барып, диссертациялық зерттеу жұмыстарының тақырыбы бойынша жұмыс жасаған.

 

Ғылыми тағылымдамадан өткен магистранттар жоспарланған жұмыстарды уақытында орындап, үлкен жауапкершілік танытты. Кафедрадан бекітілген жетекшілерімен де зерттеу жұмыстары бойынша өзекті мәселелер мен сұрақтарды талқылады, көрсетілген ғылыми-әдістемелік көмек нәтижесін мақала әзірлеу түрінде көрсете білді. Магистранттар кафедра ұжымымен алдағы уақытта да тығыз байланыста болып, бірлесе жұмыс жасауды көздейтіндіктерін жеткізді.

 

   




Кері оралу