қазақша · русский · english
 
 
 
13.11.2019

Autumn Ball-2019

 

2019 жылдың 9 наурызында Педагогика және психология институтында «Autumn Ball-2019» байқауы өткізілді. Осы байқауға аға оқытушылар Бекбаева М.Т., Қамза Г.Б. дайындаған Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының бірінші курс студенті Кайлуллин Береке қатысты.


Сайысқа 6 мамандықтын студенттері атсалысты. (Дефектология, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, Педагогика және психология, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие, Психология мамандықтары).


Сайыс 5 бөлімнен тұрды:
1. Таныстыру
2.Сұрақ-жауап
3.Өз өнері
4. Дефиле
5.Үй тапсырмасы


Жарыс қорытындылары бойынша Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 1-курс студенті Кайлулин Береке 2-орынға иеленіп, алғыс хат пен естелік сыйлық алды.


Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 1-курс студенттері (эдвайзерлері Исмагулова Р.С.,Искакова Л.М.) байқауды ұйымдастыруға белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды.

 

   

 

   




Кері оралу