қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2019

Менің мамандығым - педагог

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы жыл сайын 1-ші курс студенттеріне арналған «Менің мамандығым - педагог» тақырыбында халықаралық эссе байқауын ұйымдастырады. Байқаудың мақсаты - педагогикалық білімді насихаттау, студенттердің кәсіби қабілеттері мен дайындығын анықтау, олардың дарындылығы мен шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасау.

 

Биыл байқауға 40 оқушы қатысты. Қатысушылар қатары кеңейді. Бізге Пермь гуманитарлық педагогикалық университеті, Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Слупск қаласындағы Помор академиясы, Я.Купала атындағы Гроднен мемлекеттік университеті қосылды. Барлығына қатысқандары үшін алғыс айтамыз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз. 14 қарашада нәтижелері жарияланып, жеңімпаздар жарияланды.

 

Байқауда жүлделі орындарды иеленген Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерін құттықтаймыз.

1-орын - Сағыжанова Кәмилла, Сайполдаева Марина.

2-орын - Баутдинова Малика, Оразымбет Ақтолкын, Бауыржанқкызы Сымбат.

3-орын - Зейналлова Шахризада, АсылханАрай, Уалихан Дамира, Хайбулла Бағила.

 

   




Кері оралу