қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2019

Үздік студент-2019

 

2019 жылдың 10 қазанында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 және 3 курс студенттері «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы»бірлестігінің заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған «Үздік студент» Республикалық жобасына қатысқан болатын.


Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - еліміздің барлық жоғары оқу орындары арасынан ғылыми-зерттеу жұмыстарында, шығармашылық істерде, студенттік өзін-өзі басқару, спорттық жарыстарда, студенттік топтар мен басқа да бағыттарда белсенділік танытып жүрген студенттерді анықтау және ынталандыру.


Осы байқаудың нәтижесі бойынша 2019 жылдың 29 қарашасында 3 курс студенттері - Сәмбет Динара (ғылыми жетекшісі п.ғ.д.,профессор Жұмабаева А.Е.), Роменских Ирина (ғылыми жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы Бекбаева М.Т.), Ткачева Алина (ғылыми жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы Рябова Е.В.) және 2 курс студенті Мәдени Аружан (ғылыми жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы Тазабекова А.С.) үздік деп танылып, 2019 жылдың 29 қарашасында  «Үздік студент-2019» төсбелгісімен, құрмет грамотасымен марапатталды,сонымен қатар «Жас қыран» талантты жастардың ІІІ кітап жинағына енді. Марапаттау рәсімі Нұр-сұлтан қаласының министрлер үйінде өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу