2017 жылдың 26-27 қазанында Астана қаласының EXPO Конгресс-орталығында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастыруымен «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» атты IX халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шараға «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Жұмабаева Азия Елеупанқызы қатысып «Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес оқулықтарды әзірлеудің ерекшеліктері» атты баяндама жасады.
27 қазанда «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушылары Еуразиялық интеграция институтының Достық үйінде өткен «Рухани жаңғыру: қоғамдық сананы модернизациялау» атты дөңгелек үстелге қатысты.
02.10-06.10.2017ж. аралығында Университетіміздің 90 жылдығына орай БОПӘ кафедра ұжымымен «Ұстаздық еткен жалықпас...» атты апталық ұйымдастырылды. Бұл апталықта жүргізілген мерекелік іс-шаралар өте жоғары деңгейде, жаңа форматта өткізілді. «Ұстаздық еткен жалықпас...» атты апталыққа институт директоры Б.А.Әлмұхамбетов, директордың оқу ісі-жөніңдегі орынбасарлары А.Т.Ақжолова, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Э.Уайдуллақызы, директордың тәрбие жөніңдегі орынбасары Г.Ғ. Арынова, БОПӘ кафедрасының ұжымы және осы мамандықтың докторанттары, магистранттары, білімгерлері қатысты.
03.10.2017ж. Абдықадыров Айдос Отарұлының 55 жас тойына орай Дара жол: «Өнер мен білімді тең ұстаған» атты іс-шара өтті. Аталмыш іс-шараны кафедра оқытушылары Ақжолова Ақтоты Төлеумұратқызы мен Сәдуақас Гүлбану Теміриязқызы жүргізді. Айдос Отарұлының ұстаздық жолына арналған бұл шараға Жаркент педагогикалық училищесінде бірге оқыған достары, курстастары, әріптестері, жанұясы қатысып, кейіпкердің өнер мен білімді тең ұстаған тұлға екендігі жан-жақта ашылды. Айдос Отарұлының шәкірттері өз өнерлерін көрсетті. Шәкірттерінің бірі Уайдуллақызы Эльмира ұстазына арнап жыр шумақтарынан арнады, Айдос Отарұлының портретін шәкірті салды.
04.10.2017жылы Какибаева Хыдырбала Сабанбекқызының 60 жас мерейтойына орай «Ғылымдардың патшасын серік еткен» бенефис-шоу өткізілді. Бұл шараға қонақ ретінде Хыдырбала Сабанбекқызының сіңлісі Нәзира Сабанбекқызы, сыныптасы Бахыт Ибрагимқызы, №107 гимназияның оқу-ісінің меңгерушісі Әмина Төкенқызы, БОПӘ мамандығының 2010 жылғы түлегі, Хыдырбала Сабанбекқызының кураторлық тобынын студенті Исаева Әлия, қызы Айнұр Әділжанқызы, отбасылық досы Бағдат Мақұлбекұлы, ұжымдағы орны мен қызметі жайлы п.ғ.к., профессор Гүлнар Инаматқызы қатысты. Олар кеш иесінің бала кезі, оқушылық өмірі, студенттік шағы мен қызмет барысы жайлы өз естеліктері мен әңгімелерін айтып, тілек білдірді. Кешті БОПӘ мамандығынын 4 курс білімгерлері жүргізді. Ұйымдастырушылар: аға оқытушылар Ж.К. Астамбаева, А.С. Тазабекова.
05.10.2017 жылы сағат Амирова Амина Слямханқызының 60 жас мерейтойына орай «Ғылым өрінде» атты тақырыпта магистранттар мен докторантардың ұйымдастыруымен сайыс өткізілді. Ол үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде ғалымның өмірі, ғылыми қызметі жайлы курстастары, сыныптастары, әріптестері Ғ.З.Таубаева, Б.А.Тұрғынбаева, С.Т. Иманбекова, Б.О, Арзанбаева, өзінің өмірінен өте үлкен мағлұмат берді. Екінші кезеңде өзінін жетекшілігімен бітірген докторанттары, магистранттары апайдың өткен өмір жолдарын және берген білімдерін қуана естеріне түсірді. Үшінші кезеңде өзінің туған өңірінен келген видеороликтер апайдың балаға деген қамқорлығын демеушілік таңытканың көрсетті. Ол кештің ерекшелігі, өзінің отбасынан келген сіңілісі Амина Слямхановна мен келіні Светлана ғалым ананың үйде қандай ана екенін танытты. Ұйымдастырушылар: PhD доктор Э.Уайдуллақызы, п.ғ.к., аға оқытушы А.С.Стамбекова, п.ғ.к., аға оқытушы С.А. Нұржанова, п.ғ.маг., аға оқытушы Шарипходжаева Ж.Б.
БОПӘ кафедрасы оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыратын бірнеше кафедралардың интеграциясы негізінде құрылды.
2017 жылдың қазан айының басында Абай атындағы ҚазҰПУ 90 жылдығына орай «Халықаралық мұғалімдер күні» аясында, кафедрада БОПӘ-нің ардагерлерінің мерейтойлық күндеріне арналған бірқатар шаралар өткізілді:
Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен қоса , Жаутықов атындағы РФММ-нің негізінде және Абай атындағы ҚазҰПУ-ның ПОҚ-мен бірлесіп 20-22 маусым аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде 2-сынып үшін әзірленген « «Математика» оқу-әдістемелік кешені жұмысының әдістемелік ерекшеліктері» («Жаңартылған білім мазмұны аясында түзілген 2-сынып «математика» оқу-әдістемелік кешенімен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері») атты жыл сайынғы алтыншы республикалық семинар өткізді. Семинардың мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің 2-сыныпқа арналған «Математика» оқу-әдістемелік кешенімен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктерімен таныстыру және студенттердің жұмысын ұйымдастырудың жаңа жүйесін құру, алгоритмдерді бағалау, сабақтың құрылысы мен құрылымы; қазіргі жағдайда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту қажеттілігін өзектендіру. Республикалық оқу-әдістемелік семинардың оқытушылары - 2-сыныпқа арналған «Математика» пәні бойынша ОӘК-ның авторлары: Ақпаева Асель Бакировна, п.ғ.к., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті. «Математика» ОӘК-ның авторы, «Алматыкітап баспасы». Лебедева Лариса, п.ғ.к., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының доценті. «Математика» ОӘК-ның авторы, «Алматыкітап баспасы».
2017 жылдың 27 ақпанында педагогика мен психология институтыны Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс студенттері пхалықаралық педагогикалық шеберлік жарысына қатысты. Бұл жарыс бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы бастамасымен өтті. Жарысқа қатысуға Қазан федералдық университеті шақырылып онлайн тәртіпте өтті. Конкурстың мақсаты студенттердің педагогикалық мамандыққа қызығушылығын арттырып, оның дәрежесін өсіру, студенттердің индивидуалды шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Болашақ ұстаз - 2016» халықаралық конкурсы
2016 жылдың 24 қарашасында Педагогика және психология институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенттері «Болашақ ұстаз - 2016» халықаралық конкурсына қатысты. Конкурстың инициаторы - Ресей Федерациясының Шешен мемлекеттік университетімен біріккен «Жаңа бастауыш мектеп» Дағыстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылым-білім орталығы.
Конкурстың ұраны - «Уақытпен бірге емес, бір қадам бұрын!». Конкурстың мақсаты: рпедагогикалық ЖОО студенттерінің шығармашылық белсенділіктерін аттыру, ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің сапасын жоғарылату, оқу үдерісінде белсенді және интербелсенді технологияларды жүзеге асыруға оқытушылар, студенттер мен магистранттарды тарту. Конкурстың бағдарламасында төмендегідей номинациялар болды:
Абай атындағы ҚазҰПУ тобының қатысушылары конкурс нәтижесі бойынша екінші дәрежелі екі дипломмен және үшінші дәрежелі екі дипломмен марапатталды. Топ басшысы - 4 курс студенті Кузькина Мария.
Қазіргі таңда әлем елдерінің жаппай жаһандануы заманында білім беру саласының да жаңа технологиялармен қаруланып, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланатыны белгілі. Өйткені, бәсекеге қабілетті, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты талабы. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуында негізгі рөл атқаратын білім ордалары өз міндеттерін қаншалықты дәрежеде атқарып жатыр? Олай дейтініміз, бүгінгі бала - ұялы телефонға үңілген, ғаламторға телмірген, әлеуметтік желілерге байланған бала. Жалпыға бірдей топырақ шашпаймыз, әрине. Десе де, ұлт ертеңі саналатын ұрпақ тәрбиесіне алаңдаушылық жоқ деп те айта алмаймыз. Осыған орай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 1-курс магистранттарына "Бастауыш мектепте интербелсенді әдістерді қолданудың тиімділігі" Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, PhD Доктор Уайдуллақызы Эльмира тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ «Білім марафоны» әдісі негізінде 5 кезеңнен тұрды және топтық жұмыс түрінде жүргізілді.
2-кезең: «Зерттеу аймағы»; 3-кезең: «Тәжірибеңмен бөліс!»; 4-кезең: «Өз атынан сот»; 5-кезең: «Әдістен әдіс».
Сабақтың жоғары деңгейде өтуіне басты себепкер "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығының 1-курс магистранттары мен қонақ ретінде қатысқан магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ, қорытынды ой-пікірлерін білдірген "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Жұмабаева Әзия Елеупанқызына, п.ғ.к., профессор Уайсова Гүлнәр Инаматқызына, п.ғ.к., қауымд.профессор Сәдуақас Гүлбану Теміриязқызына, п.ғ.магистрі, аға оқытушы Омарова Гүлнар Жолдасқызына үлкен алғысымды білдіреміз.
7 қазан күні Педагогика және психология институты «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс Магистранттары мен 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ұстаз деген жарық күні ғаламның...» атты мерекелік іс-шара өтті. Кешті ұйымдастырған топтардың жетекшілері - Астамбаева Ж.Қ., Тұралбаева А.Т.
|