Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы үш деңгейлі білім беру бағдарламаларының мамандықтары бойынша 5В (6М, 6D) 010100 -«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (бакалавриат - магистратура - докторантура) мамандықтарын даярлайды.
Кафедраның оқу үдерісі мониторинг жүргізу арқылы профессор-оқытушылар құрамының кәсіби қызметінің толық спектрін көрсететін талаптармен анықталады. 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 5В012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтары бойынша ПОҚ-ң оқу-әдістемелік жұмысының барлық ұстанымдарына байланысты жеке құжаттар мұқият тексеріліп, мамандықтардың білім беру бағытына сәйкес жүзеге асырылады. Кафедраның барлық жұмыстары білім беру ортасын құруға, болашақ мектепке дейінгі тәрбиеші мен әлеуметтік педагог базалық әлеуметтік мәдениетін меңгеруге, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі іске асыру қабілетіне ие тұлғаларды қалыптастыруға ықпал ететін әдістер мен ұйымдастыру формаларын пайдалануға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбиеші, әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби қызметінің бағыттарын комплексті түрде қамтитын кәсіби даярлық жүйесіне көп көңіл бөлінеді.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» және 5В012300 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандықтарының оқу жоспарларында көрсетілген міндетті циклдің оқу пәндері және таңдау курстары бойынша дәрістер оқылады. Кафедраның ғылыми-педагогикалық әлеуетін мектепке дейінгі және әлеуметтік педагогика саласындағы мектептер мен ЖОО-ға арналған оқулықтар авторларының жетекші ғалымдары, ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер, қауымдастырылған профессорлар құрайды.
Оқыту үдерісін жетілдіру және студенттердің оқыту сапасын арттыру мақсатында кафедрада электронды тапсырмаларды әзірлеу және оқу жұмыс дәптерлері, электрондық лабораториялық жұмыстар, іскерлік ойындар, электрондық тест тапсырмалары сияқты оқыту формаларын оқу үдерісіне енгізу жалғасуда. Ғылыми жетекшілік, курстық және түлектердің қорытынды біліктілік жұмыстарын басқаруды іске асыру, бақылау жұмыстарына дайындық жүргізу мақсатында интернет арқылы студенттермен жылдам байланыс орнату үшін кафедра оқытушылары электронды дерек қорларды белсенді пайдаланады.
|