|
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы | |
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының халықаралық жұмысы әлемнің жетекші университеттерімен және әртүрлі халықаралық ғылым және білім беру зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Белгілі шетелдік ғалымдар кафедраның магистранттарына, докторанттарына және оқытушыларына ұдайы кеңес беріп отырады, сондай-ақ ғылыми кеңесші ретінде қызмет етеді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кафедра магистранттары мен докторанттары Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Корея және басқа елдерде ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Кафедра оқытушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Istanbul University (Түркия), Гази университетінде (Түркия), Будапешт қаласындағы (Венгрия) Маттиас Корвинус атындағы "Жас таланттарды дамыту" Еуропалық зерттеу институтында ғылыми тағылымдамадан өтті, бірлескен ғылыми жобаларға, симпозиумдарға, семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысады, оқытушылар Прагада өткен (Чехия) ICP 2024 Халықаралық психологтар конгресінде постерлік баяндамалар жасады.
Мектепке дейінгі білім беру мамандарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кафедра бірлескен шарттар негізінде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарымен ынтымақта жұмыс істейді. Олардың ішінде -Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (Ресей); Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті (Барнаул, Ресей), Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей жаратылыстану академиясы, Гази университеті (Түркия); Анкара университеті (Түркия); Хаджитепе университеті (Түркия); Ферғана мемлекеттік университеті (Өзбекстан); Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті (Өзбекстан); Қарақалпақ мемлекеттік университеті (Өзбекстан); Донггук университеті (Оңтүстік Корея), «REGGIO CHILDREN» институты (Италия), Ондокуз Майыс университеті (Түркия), Тяньшуй педагогикалық университеті (Қытай), И. Ш. Исамидинова атындағы педагог кадрларды мақсатты даярлау институты, Ж.Баласағұн атындағы ҚМУ, Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті (Уфа), Заманауи ғылымдар университеті (Нидерланды), Nordic халықаралық университеті (Финляндия).
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушылары студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, жақын шетел, оның ішінде Янки Купала атындағы Гроднен педагогикалық университетінің (Беларусь), Ферғана және Нүкіс университеттерінің (Өзбекстан) оқытушыларына тұрақты түрде дәріс береді.
|