қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Жиренов Саян Аманжолұлы

Жиренов Саян Аманжолұлы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ

Жиренов Саян Аманжолұлы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Филология институты, Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  профессоры,   филология ғылымдарының кандидаты.

С.А.Жиренов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 1999 жылы оқуға түсіп, 2003 жылы «филолог-оқытушы» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы аталған университеттің «қазақ тілінің теориясы» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2005 жылы үздік бітірген. 2005-2007 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазіргі қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының ізденушісі. 2007 жылы «ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын-жыраулардың поэзиясындағы «Өмір-Өлім» концептісінің танымдық табиғаты» атты кандидаттық дисссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие болған. 2016 жылы ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды. Сонымен қатар 2005 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор секілді лауазымдарда қызмет атқару үстінде.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру мерзімі

Абай атындағы АлМУ

Филолог-оқытушы

15 мамыр 2003 ж.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Қазақ филологиясы (тіл теориясы)

10 маусым 2005 ж

Абай атындағы ҚазҰПУ

Ізденуші (сойскатель)

14 қараша 2007 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми саласы

Диплом берілген мерзімі

Филология ғылымдарының кандидаты

10.02.02 - «Қазақ тілі»

14 қараша 2007 ж.

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағының атауы

Диплом берілген мерзімі

Қауымдастырылған профессор (Тіл білімі - мамандығы)

21 желтоқсан 2016 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ 

Бакалавриатта: Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, Лингвистикалық терминдер теориясы, Корпустық лингвистика, Когнитивтік лингвистика, Тіл біліміне кіріспе, Жалпы тіл білімі, т.б.

Магистратурада: Психолингвистика, Мифолингвистика, Лингвостатистика, Тұлғааралық коммуникация, Лексикалық парадигма, т.б.

Докторантурада: Лингвосемиотика, Лингвофилософия, т.б.


ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ. 

С.А.Жиренов қазақ тіл білімі және жалпы тіл білімі мәселелері, қазақ тілін оқыту әдістемесі салалары бойынша тұрақты түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өнімді еңбек етіп келеді. Соның нәтижесінде 3 ғылыми монография, 2 оқу құралы, 1 әдістемелік нұсқаулық пен 1 аударма сөздік, 3 авторлық куәлік,  индекс цитированиясы жоғары Web of Science and Scopus халықаралық мәліметтер базасында импакт-факторлы ғылыми басылымдарда 5 мақала (Скопус), индекс-хиршасы (h-index) 2, жалпы саны 90-нан астам мақалалары ғылыми өндіріске енгізген. Соңғы бес жылдықтың ішінде ҚР БжҒМ 2018-2020 жылдарға арналған ЖТН: № AP 05132846 - «Жоғары көркемдік білім берудегі ұлттық сана мен мәдени құндылықтардың «Мәңгілік ел» идеясы контексінде өркендеуі» және ҚР БжҒМ 2020-2022 жылдарға арналған ЖТН: № AP08053283 «Көркем білім берудегі дәстүрлі және заманауи ұлттық өнердегі экодизайн эволюциясы» атты мемлекеттік грант жобаларының мүшесі болса, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2022 жылғы Жас зерттеушілерге арналған ЖТН: 0122РКИ0048  - «Қазақ тілі лексикалық жүйесінің когнитивтік-концептуалдық негіздері» атты іргелі ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді.  

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

С.А.Жиренов ғылыми педагогикалық бағытта жоғары оқу орындары филологиялық мамандықтардың білім алушыларына арналған таңдау пәндеріне арналған «Когнитивтік лингвистика», «Линвистикалық терминдер теориясы» атты оқу құралдарының авторы. С.А.Жиренов - Абай атындағы ҚазҰПУ-дің жанындағы 6D021300 - «Лингвистика» мамандығы бойынша Диссертациялық кеңестің мүшесі әрі ғалым хатшысы ретінде республика жоғары оқу орындары үшін білікті ғалым-педагогтар даярлау ісіне де өзіндік үлес қосып келеді.

 

МАРАПАТТАРЫ

Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.  

 


← Кері оралу