2014-2015 жылдың элективті пәндер каталогы
Элективті оқу пәндерінің тізбесі сіздің алдыңызда. Бұл элективті оқу пәндерінің жүйелі аннотациялық тізімі. Ол сіз үшін жеке оқу траекторияларын өз бетінше, жедел және жан-жақты құрастыру мақсатында жасалған. Сіздің жеке оқу жоспарыңызды құрастыруда бұл сіздің көмекшіңіз. Оқытудың кредиттік технологиясында барлық оқу пәндері 3 циклге жіктелген - Жалпы білім беру пәндері (ЖБП), Базалық (БП) және Кәсіби (КП). бұл цикілдердің әрбірінің ішінде оқу пәндері 2 түрге бөлінеді- міндетті компонент және таңдау бойынша компонент (элективті, яғни таңдалған оқу пәндері). Міндетті компанентті пәндер мамандық бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарымен тағайындалған және осы мамандық студенттеріне бірдей оқытылады. Кафедраларды зерттеу үшін сізге элективті оқу пәндері ұсынылып отыр. Элективті оқу пәндерінің барлық тізімінен өзіңізге қызықты пәндерді таңдай аласыз. Осыслай оқу пәндеріңіздің әрбір циклі бойынша сіздің жеке оқу жоспарыңыз өзіне 2 бөлімді қосады: Міндетті компонент және Таңдау бойынша компонент (элективті оқу пәндері). Сіздің жеке оқу жоспарыңызға оқу пәндерін қосу үшін элективті оқу пәндері тізбесінің көмегімен қалай таңдауға болады? 1. Тізімнен сіздің курсыңызбен оқу семестрінің кестесін табыңыз. 2. Элективті оқу пәндерінде бір үлгідегі оқу жоспармен барлығы неше кредит берілгенін анықтай аласыз. 3. Элективті оқу пәндері тізімімен өзіңіз танысыңыз.Оқу пәндері таңдау бойынша курстарға сәйкес нөмірмен біріктірілгеніне назар аударыңыз. Элективті пәндердің әрбір топтарынан тек қана бір элективті оқу пәндерін таңдауға болады. 4. Элективті оқу пәндерінің сипаттамасын ынта қойып оқып шығыңыз және өз таңдауыңызды жасаңыз. 5. Сіз таңдаған кредиттердің саны бір үлгідегі оқу жоспары бойынша талап етілетін кредиттік санға сәйкес келу керектігін тексеріңіз. Сізге элективті оқу пәндерін таңдауда эдвайзер көмектеседі.
|