қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.10.2025

 

Әскери кафедрада конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш қабылданады


 «Абай атындағы ҚазҰПУ 2023 жылы түскен 3 курс және 2024 түскен 2 курс студенттері, Қазақстан Республикасының азаматтары, күндізгі бөлім студенттері әскери кафедрада оқуға ниетіңіз болса, 2025 жылдың қазан айының 14-31 аралығында әскери кафедрада конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш қабылданады.

 

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар екінші (4 жылдық оқумен) және үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

 

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар екінші, үшінші (4 жылдық оқумен) және екінші, үшінші және төртінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

 

Өзіңізбен келесі құжаттар болуы тиіс:

 

1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);

2. Тіркелу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі) тек ұл балалар үшін;

3. ЖОО-дағы нақты оқуы туралы анықтама («Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы);

4. 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет;

5. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (ХҚКО);

6. Мекен-жай туралы ақпарат (тек қыздар үшін);

7. Жеке істерді тіркеуге арналған екі мөлдір файл.

 

Сұрақтарыңызбен № 2 кабинетке немесе төмендегі телефонға хабарласыңыз:

 

1. Запастағы подполковник Оразбеков Бауыржан Жаркынбекович - 87789552121;

2. Жұмыс телефон - 3822735.