қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

 

 

 Кафедра бойынша тәрбие жұмысына п.ғ.к., доцент м.а Сайдахметов Б.С. жауапты.

«Ұлттық тәрбие  және өзін -өзі тану»   кафедрасы  2013-2014  оқу жылында,  тәрбие жұмысы,  жастар саясаты  және  мемлекеттік  тілді  дамыту жоспары негізінде  жасалған  университет жоспарының  бағыты бойынша  түрлі тақырыпта  тәрбие жұмыстарын жоспарға  сәйкес көрсетілген  мерзімде жүйелі атқарды.     Түрлі тақырыптарда тәрбие сағаттарын ,  әдеби танымдық кештер ,  ғылыми конференция,  дөңгелек үстелдер,  пікір талас,  сайыс,  мәдени  мерекелік кештер, қазақ халқының  ұлы  тұлғаларын  ұлықтау,   дәріптеу мақсатында   өзекті мәселелерді  қозғап  студенттерге   құнды ойлар мен  кеңестер бере отырып ,  ұлттық тәрбиені  барынша  насихаттауға  тырысты.

 Аталған бағыттар бойынша  жұмыс жасауға  кафедра  оқытушылары   жауапты деп  тағайындалып,  жұмыстары мен тапсырмалары   бекітіліп беріліп,  мерзіміне сәйкес іс-шаралардың  өтілуі  қадағаланып  хаттамалары мен қосымша  материалдары  кафедра  папкаларына  тіркеліп отырды.

2013-2014 оқу  жылының  кең ауқымда өткен  кафедра  ұжымы  негізгі іс-шаралары:

Қазақстан Республикасының президенті елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына  жолдауын  қызу талқылап  студенттер  қауымына  жеткізе білді.

  • Нұр Отан халықтың демократиялық партиясының қабылдаған доктринасының мақсат , міндеттерін студент жастар арасында кеңінен талқылап насихаттай білді.
  • Университет көлемінде Олимпияда чемпионы Ж.Үшкемпіровпен өткен «Менің туым - намыс» атты танымдық тарихи кеш өткіздік.8.10.2013 ж.
  • П.ғ.д., профессор К.К.Жемпеисова, п.ғ.к., профессор А.Е.Берикхановалардың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев тың «Қазақстан - 2050» - стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауының және « Интеллектуалды ұлт 2020 ұлттың жобасының негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында «Қазақ елі» пәні жаңа заман талабы» атты республикалық деңгейде дөңгелек үстел ұйымдастырды.12.12.2013ж.
  • Кафедра ұжымы тәрбие мәселелері жөнінде ақпарат көздерінің көптеген бағдарламаларына қатысып өз ой- пікірлерін білдірді. Айтар болсақ: Жоғары оқу орындарында ұлттық тәрбие беру мәселелері жөнінде қазақ радиосына берген сұхбат орыс тілінде п.ғ.к.,профессор А.Е.Берикханова ,қазақ тілінде п.ғ.к.,профессор Б.С.Сайдахметов «Асыл сөздің анасы -сәлем» тақырыбында өткен Қазастан телеарнасында «Айтуға оңай» бағдарламасына қатысты. 15 қыркүйек 2013ж.
  • Б.С.Сайдахметов «Ұлттық намыс, ұлттық болмыс, патриоттық сезім» туралы 31 телеарнасына сұхбат берді. 8 қараша 2013ж.
  • Жалпы университеттік «Қырмызы қыздар-ай» клубы өзіндік жоспары бойынша жүйелі жұмыс істеп келед.жетекшісі п.ғ.д., профессор Жанабаева Р.А. Мақсаты - қыз балалардың әдептілігі ,инабаттылығы ,мәдениеті,мінез-құлқы жайлы түрлі іс-шаралар өткізі сол арқылы халық тәрбиесінің маңыздылығын арттыру. Айтар болсақ «Тіршілік көзі -салауатты болашақ» 19.11.2013ж , «Қыз намысы-ел намысы,ел намысы-қыз намысы» атты тәрбиелік іс-шаралар өткізді.

П.ғ.к.,профессор Б.Т.Махметова

1.«Ұлттық идея ұғымы» тақырыбында ойталқы, «Стресс  жүйке   ауруларының  алғашқы  белгісі»  тақырыбында  пікірсайыс  өткізді.

2.Салауатты өмір салтын  сақтау бағыты бойынша  «Жастық шақ-адал  айна іспетті»  тақырыбында  пікірсайыс  жүргізілді.

3. «Менің қызығушылық  әлемім» тақырыбында ашық   әңгіме сағаты өтті.

П.ғ.к.,профессор Г.К.Шолпанқұлова

1.Құқық және экономика институтының 1 курс студенттерімен «Ұлттық тәрбие» пәнінің типтік бағдарламасындағы «Студент жастардың әлеуметтік-тұлғалық мәселелері», «Жастардың салауатты өмір салты - студенттің кәсіби-тұлғалық дамуының шарты және т.б.»  тақырыптар бойынша сабақ өту барысында мамандармен (СПИД орталығының волонтерілермен) ынтымақтастық бағытта «Өркен» халықаралық әлеуметтік көмек және даму қоғамдық қоры мен Алматы қаласы Көші-қон полициясының «Ынтымақ» қоғамдық қоры біріге отырып, "Дені сау адам қоғамның ізгі тірегі" атты тақырыпта Алматы қаласы Көші-қон полициясының «Ынтымақ» қоғамдық қорының медицина кеңесшісі, психолог Ильясова Гүлмира Баймұратқызымен ЖИТС (СПИД) ауруының таралу жолдары, алдын алу және сақтану «1 желтоқсан - Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне»  арналып жүргізілген арнайы тренинг семинар. 22 қараша 2013 ж.

2.     «Мейірімділікті атадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» атты тақырыпта студенттер арасында өтетін пікір-сайыс. 6 желтоқсан 2013 ж.

3.      «Тәуелсіздік - ел тірегі» атты салтанатты кеш «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым - Желтоқсан». 24 желтоқсан 2013ж.

Аға оқытушы Г.А.Абылханова

1.Танымдық- интелектуалдық тәрбие бағыты негізінде «Интеллектуалды ұлт қалыптастыру - инновациялық даму кепілі». Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тікелей байланысты. Интеллектуалды ұлт болу тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі мақсатында ұлттық негіз, ұлттық рух, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, бұл жерде рух тазалығын тәрбиелеудің де маңызы зор» тақырыбында  танымдық сағат өткізілді. 24.09.13.№ 2 хаттама.

2.Рухани адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру бағытында «Тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбында  сұхбат сағаты өткізілді.Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның  қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. 22.2013.4-хаттама

3.     Филология және көп тілді білім беру  институты 1 курс студенттерімен  

 « Ұлағат көзі-Ұлағатты тәрбие» атты  ашық тәрбие сағатын  өткізді.

Магистр оқытушы Г.М.Әбжан

1.Танымдық- интелектуалдық тәрбие бағыты негізінде «Жоғарғы оқу орнында көрсетілетін көмектер» тақырыбында  танымдық сағат өткізілді. Толық емес отбасыдан шыққан студенттерге көмек, ата-анасы мүгедек студенттерге көмек, ата-ана қамқорлығынан айрылған студенттерге көмек түрлері студенттерге таныстырылды.13.09.13.,2-хаттама.

2.       Құқықтық тәрбие беру бағыты негізінде «Жастар арасындағы қылмыс түрлері» жайында дөңгелек үстел өткізілді.  Абайсызда жасалған қылмыс түрлері таныстырылып, алдын алу шаралары туралы сөз қозғалды.  4.10.2013., 3-хатттама.

 Қорыта  айтқанда 2013-2014 жарты жылдық оқу жылында  кафедра ұжымында  барлық тәрбие  жұмыстары  бекітілген  жоспарға сай  орындалды , жоспарда  қарастырылған  барлық өзекті мәселелер  талқыға салынып, әр іс-шаралар қорытыланды (Кесте -12).

Кесте-12

Сведения о проведенных в 2013 -2014 оқу жылының I-жарты жылдығында өткізілген ғылыми іс-шаралар туралы мәліметтер  

Іс-шараның мәртебесі мен атауы/Статус и название мероприятия

 Іс-шара өткізілген орын, мерзімі /Место, сроки проведения мероприятия

1.                    

Иманбаева С.Т.

«Ұлттық тәрбие -  заман талабы»,  қараша, 2013 жыл,  дөңгелек үстел, Университеттің тәрбие департементіннің жоспарына сәйкес.

2.                    

 

Иманбаева С.Т.

Берикханова А.Е.

«Ұлттық тәрбие негізінде студенттердің интеллектуалды әлеуетін қалыптастыру»,  қазан,  2013 жыл, дөңгелек үстел. Кафедраның ғылыми жобасының календарлық жоспарына сәйкес.

3.                    

Жампеисова К.К.

Республиканский круглый стол «Қазақ елі -проект нового времени», 12 декабря 2013 г.

4.                    

Берикханова А.Е.

Республикалық  дөңгелек үстел «Қазақ елі» жобасы - жаңа заман талабы», 12 желтоқсан, 2013 ж.

5.                    

Абжан Г.М.

«Ұлттық тәрбие  -  заман талабы»,  қараша, 2013 жыл,  дөңгелек үстел

6.                    

Шолпанқұлова Г.К.

6 желтоқсан 2013ж., 1-3 курс студенттері. Тарих факультетінде университет бойынша белгіленген «Әдептілік апталығы» барысында «Мейірімділікті атадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» пікір-сайыс өткізілді.

7.                    

Абылханова Г.А.

«Ұлттық тәрбие -  заман талабы»,  қараша, 2013 жыл,  дөңгелек үстел

8.                    

Шолпанқұлова Г.К.

27 қараша 2013ж., Құқық-экономика институты, 1 курс студенттері Волонтерлік жұмыс. «Ынтымақ» орталығының тренері Ильясова Г.Б. «ЖИТС (СПИД) ауруынан қалай сақтана аламыз? «Адам саудасының алдын алу»  тренинг- семинар ұйымдастырылды. 

9.                    

Махметова Б.Т.

«Ұлттық тәрбие -  заман талабы»,  қараша, 2013 жыл,  дөңгелек үстел, Университеттің тәрбие департементіннің жоспарына сәйкес

10.                

Калиева С.И.

«Ұлттық тәрбие -  заман талабы»,  қараша, 2013 жыл,  дөңгелек үстел, Университеттің тәрбие департементіннің жоспарына сәйкес

11.                

 

 

12.                

Сайдахметов Б.С.

«Ұлттық тәрбие -  заман талабы»,  қараша, 2013 жыл,  дөңгелек үстел, Университеттің тәрбие департементіннің жоспарына сәйкес.

13.                

Шойынбет Ж.

ҚР ЖОО арасында өткізілген «Абай әлемі» атты республикалық студент жастар фестивалін ұйымдастырушы

14.                

Бекбосынов М.

ҚР ЖОО арасында өткізілген «Абай әлемі» атты республикалық студент жастар фестивалін ұйымдастырушы

15.                

Әліпхан М.

ҚР ЖОО арасында өткізілген «Абай әлемі» атты республикалық студент жастар фестивалін ұйымдастырушы

16.                

Шолпанқұлова Г.К.

22 қараша 2013ж., Тарих факультеті, 1 курс студенттері Волонтерлік жұмыс. «Ынтымақ» орталығының тренері Ильясова Г.Б. «ЖИТС (СПИД) ауруынан қалай сақтана аламыз? «Адам саудасының алдын алу»  тренинг- семинар ұйымдастырылды. 

 

 

 

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ