қазақша · русский · english
   
Қазақстан географиясы және экология кафедрасы
 Сабденалиева Гүлнарай Мүсірәліқызы
Доцент
Педагогика ғылымдарының кандидаты
Қазыбек би, 30
 +7 775 209 50 04
sgulnaray@mail.ru

 

                                              Қазақстан географиясы және экология кафедрасы

 

 

Қазақстан географиясы және экология кафедрасының негізгі іс - қызметі педагогикалық бағыттағы  5В011600-география (экология, туризм және экономика негіздері), 6М011600-география, 6D011600-география; 5В060800-экология, 6М060800-экология бакалаврлары, магистратура және докторантураның жоғары білікті мамандарын даярлауға бағытталған.Кафедра географиялық бағытта - Қазақстанның физикалық, экономикалық және әлеуметтік географиясы, географияны оқыту әдістемесі, ландшафттану, жаратылыстану; экологиялық бағытта - экология және тұрақты даму, экологиялық сараптама және экологиялық мониторинг, экологиялық білім беру, қоршаған орта туралы ілім және т.б. табиғат қорғау пәндері бойынша машықтық және педагогикалық іс - тәжірибелер мен олардың теориялық негіздерін оқып - тануға маманданған.

 

Академик Ә.С. Бейсенованың басшылығымен ғылыми - әдістемелік орталық жұмыс істейді. Ғылыми - зерттеу орталығының негізгі бағыты - географиялық және экологиялық саладағы ғылыми - зерттеу жұмыстарын, жобаларын жүргізу.

 

 

2017-2018 оқу жылындағы география және экология кафедрасы профессор-оқытушылардың сапалық құрамы 
Кафедрада штатта жұмыс істейтіндердің жалпы саны - 14
Ғылым докторы, академик - 1
Ғылым докторы, профессорлар - 2
Доценттер, ғылым кандидаттары - 4
ҚазҰПУ доценті - 1
Аға оқытушылар - 3, аға оқытушы,магистр - 3

Кафедрада  2 - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері Д.Б. Джусупова  және К.Ш. Бакирова жұмыс істейді.
ПОҚ ғылыми дәрежесі және атағы барларының үлесі - 58,8%. Орташа жас - 52.