қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.04.2019

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі (ҚР БҒМ) Дүниежүзілік Банкпен бірге Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасын жүзеге асырғалы жатыр.

 

Осы жобаның аясында 10 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ғалымдары қатысуымен семинар өткізілді. Семинарды ұйымдастырушылар: «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобалық топтың директорының орынбасары Ілияс Оспанов, менеджер Ақбота Шерияздан.

 

1-ші бөлік «Инновациялар үшін білім базасын дамыту» бағдарламасы аясында «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға тағайындалатын гранттық бағдарлама» жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаның мақсаты - постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдауға, постдокторантураның аспиранттарына және шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО-дағы зерттеушілерге, өндіріске енгізу мүмкіндігі бар маңызды техникалық бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу институттарына гранттар тағайындау арқылы Қазақстанның ғылыми әлеуетін арттыру.

 

Сондай-ақ, жоба аясында қазақстандық ғалымдарға пилотты «Агрегатор» халықаралық ғылыми грант реестры құрылды. «Агрегатор» реестры ғылыми ұйымдардың және ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру үшін бюджеттен тыс қаражат тарту тәжірибесін енгізу мәселесін шешуге көмектеседі.

 

Жобаны басқару тобының өкілдері ғалымдарды байқаулардың шарттары және талаптарымен толық таныстырды.

 

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

«Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының толық ақпараттарын алу үшін келесі сілтемеде көре аласыз.

 

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты research_grants@fpip.kz электрондық поштасы немесе +7-7172-27-71-21 телефоны арқылы конкурстың координаторынан (Данияр Бектенов ) ала аласыз. 

 

Қазақстандық ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми гранттар бағдарламаларының реестрін оқып білу үшін келесі сілтемеден көре аласыз.