қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.04.2019

Трансильваниядағы Брашов университеті (Румыния) профессорының ҚазҰПУ-ға сапары

 

2019 жылы 2-10 сәуір аралығында ҚазҰПУ-да халықаралық Erasmus+ кредиттік бағдарламасы аясында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының студенттеріне арналған дәрістер мен мастер-класстар өткізу үшін Трансильванияның Брашов (Румыния) Университетінен профессор Камелия Трута іссапармен келді.

 

Камелия Трутаның ҚазҰПУ-дағы іссапары барысында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 2-3 курс студенттері үшін «Мектептегі жарақаттардың динамикасы», «Мұғалімдердің жұмыс барысындағы эмоцияны реттеуі», «Румыниядағы мұғалімдерді жұмысқа дайындығы», «ЖОО студенттері арасындағы стресс және тұрақтылық» тақырыптарына арналған дәрістер өткізді. Студенттер ағылшын тілінде әңгімелесу дағдыларын және психология терминдерінің сөздік қорын жетілдіруге мүмкіндік алды.

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті