қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.12.2025

Диссертациялық кеңес жанындағы ғылыми семинар өтеді

 

2025 жылдың 8 желтоқсанында, сағат 14:00-де, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің диссертациялық кеңесі жанындағы ғылыми семинарда 8D019 - Арнайы педагогика бойынша мамандарды даярлау (6D010500 - Дефектология / 8D01901 - Арнайы педагогика мамандарын даярлау) бағыты бойынша докторанттардың диссертациялық жұмыстары талқыланады.

 

Талқылауға ұсынылған диссертациялық жұмыстар:

Пономарев Роман Дмитриевичтің «Жасөспірімдердің психикалық дамуының тежелуін донозологиялық диагностикалау және алдын-алудың педагогикалық негіздері» атты диссертациялық жұмысы;

Ингайбекова Толқын Амангелдиновнаның «Зияты зақымдалған балалардың әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері» атты диссертациялық жұмысы.

 

Ғылыми семинар офлайн және онлайн форматтарында өткізіледі.

Диссертациялық жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалды.

Қорғау тілі - қазақ және орыс тілдері.

 

Пономарев Роман Дмитриевичтің ғылыми кеңесшілері:

психология ғылымдарының докторы, профессор Н. Б. Жиенбаева

шетелдік ғылыми кеңесші: психология ғылымдарының докторы, профессор Л. Ф. Крупельницкая (Украина)

 

Ингайбекова Толқын Амангелдиновнаның ғылыми кеңесшілері:

психология ғылымдарының докторы, профессор А. К. Сатова

Шетелдікғылыми кеңесші: Агниежка Д., PhD, профессор (Польша)

 

ZOOM: https://zoom.us/meetings/99302934861/invitations?signature=X9KINeuPWu58cgjZogeLtX51zkGEox2B0okDbYs5...

Идентификатор:  993 0293 4861

Код:1234

 

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Бас оқу ғимараты (3-қабат, 307 кабинет).