
Негізгі бет /
Хабарландыру
05.12.2025 Хабарландыру Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы 2025 жылдың 23 желтоқсанында «Әлеуметтік педагогтерді даярлаудың эволюциясы: тәжірибесі және стратегиялық перспективалары» атты халықаралық open space өткізеді.
Халықаралық open space жұмысының бағыттары: 1. Әлеуметтік педагогтерді даярлаудың эволюциясы және заманауи ғылыми парадигмалар; 2. Әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттерін дамытудағы инновациялар мен тиімді тәжірибелер; 3. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік-құқықтық тәуекелдер: тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг, девианттық мінез-құлық, субмәдениет ықпалы және дезадаптацияны алдын алу тетіктері; 4. Инклюзивті білім беру жағдайында әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу: балалардың бейімделуі, эмоционалдық қолдау, қиын өмірлік жағдайлардан шығуға көмектесу және көпсалалы мамандар командасының өзара іс-әрекеті. Мақсаты: әлеуметтік педагогтерді даярлау жүйесіндегі теориялық-әдіснамалық эволюцияны, заманауи ғылыми парадигмаларды және инновациялық педагогикалық тәжірибелерді халықаралық деңгейде талқылау арқылы білім беру бағдарламаларын жетілдірудің стратегиялық бағыттарын айқындау, сондай-ақ әлеуметтік-педагогикалық қызметтің болашақ мамандарын кәсіби құзыреттілікке даярлаудың тиімді үлгілерін қалыптастыру. Бұл іс-шара әлеуметтік-педагогикалық білімнің дамуына үлес қосатын инновациялық идеялар мен тәжірибелерді алмасу үшін тиімді алаң құруға бағытталған.
Қатысушылар: Мектептің әлеуметтік педагогтері, қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер. Open space жұмысының ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі 31, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология факультеті, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы, 30 каб. Байланыс телефоны: 87771555568 Алимбекова Анар Аймолдановна, 87054674187 Булшекбаева Асем Исаевна, Раймқұл Сандуғаш Ұмытбекқызы +7 747 498 47 07.
|