қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
31.12.2025

Қожан Алтынайдың диссертациясын талқылау үшін Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді - 2026.

 

2026 жылдың 12 қаңтарында сағат 11:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінің Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Қожан Алтынайдың 8D03117 - Психология (клиникалық және әлеуметтік психология) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін жазылған «Стресс-фактор психологиясы (спорт және психология)» тақырыбындағы диссертациясын талқылау үшін кеңейтілген отырыс өткізеді.

 

Кеңейтілген отырыс офлайн және онлайн форматтарда өтеді. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аяқталды. Қорғау тілі - орыс тілі.

 

ҒЫЛЫМИ КОНСУЛЬТАНТТАР:

Ольга Бисенқызы Тапалова, психология ғылымдарының докторы, доцент, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан). Лала Джаббарова, психология ғылымдарының философия докторы (PhD), Баку мемлекеттік университетінің әлеуметтік және білім беру психологиясы кафедрасының доценті (Баку, Әзірбайжан).

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗИЯЛЫҚ ҚАРАУШЫЛАР:

Бақыт Дастанқызы Жигитбекова, психология ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы (Алматы, Қазақстан). Мариям Құрманғалиқызы Бапаева, психология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық әйелдер педагогикалық университетінің теория және практикалық психология кафедрасының профессоры (Алматы, Қазақстан). Қазақстан)

 

Zoom: https://us05web.zoom.us/j/83930999215?pwd=mh7LfjNgbNRSremqplzWcFrUlYkcCV.1  

Кездесу идентификаторы: 839 3099 9215 Кіру коды: 2V1W8B