қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.04.2019

Білім беру мәселелері бойынша мәжіліс

 

  

 

ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаттары Әбдіманап Елікбайұлы Бектұрғанов, Жәмила Нүсіпжанқызы Нұрманбетова, Бақытгүл Қайыржанқызы Хаменова, Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков және ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Надырқызы Жақыпованың, сондай-ақ Алматыдағы жоғары оқу орындары ректорлары мен «Nur Otan» партиясы жауапты қызметкерлерінің қатысуымен Алматыда «Nur Otan» партиясы сайлау алды бағдарламасының «Білім беру» бағыты бойынша Партиялық куратор комиссиясының көшпелі мәжілісі болып өтті.


Мәжіліске модераторлық еткен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов «Nur Otan» партиясының бағдарламасы бойынша өткізіліп отырған жиынның «Жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту және жекеменшік жоғары оқу орындарын коммециялық емес ұйымдарға трансформациялау», «Назарбаев университеті» үлгісінде қолда бар білім беру инфрақұрылымы базасында жаңа аймақтық ЖОО құру туралы» маңызды мәселелерді талқылағалы отырғанын айтып, күн тәртібімен таныстырды.


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова жоғары оқу орындарына академиялық еркіндік беру мәселесіне кеңінен тоқталды. Өткен жылы жоғары оқу орындарына академиялық және басқарушылық еркіндік беру туралы Заң қабылданғаны белгілі. Содан бері бұл мәселе бойынша 56 заңнамалық акт, оның ішінде Білім және ғылым министрлігінің 9 қаулысы, 47 бұйрығы шықты. Нәтиже қандай? Бүгінгі таңда елімізде 5 ЖОО автономия алды және 27 университет соған трансформациялану үстінде. Осының нәтижесінде бүгінде Министрліктің бірқатар өкілеттілігі жоғары оқу орындарына берілді.


Академиялық еркіндікті кеңейту аясында жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымының типті Ережесін, оқу үдерісін кредиттік технология бойынша ұйымдастырудың Ережесін маңыздандыру нәтижесінде барлық ЖОО-лардың академиялық еркіндігі бакалавриатта - 80, магистратурада - 85, докторантурада - 90 пайызға артты. Аталған типті Ережелерде ЖОО-лардың академиялық адалдық принциптерін енгізу мәселесі қарастырылған. Соған орай бүгінгі таңда 12 университетіміз Академиялық адалдық лигасына мүше, 15 ЖОО оған кандидат болып отыр.


Вице-министр Фатима Жақыпова университеттерді басқарудағы проблемаларға тоқталды. Бірқатар басшылар ескі сарын, көнерген әдістер бойынша жұмыс істейді. ЖОО-лардың көпшілігі әлемдік академиялық рейтингке кіру стратегиясын әлі анықтамаған. Менеджмент, қаржы, кадр саясаты салаларында да автономиялық еркіндікке ұмтылу барысы баяу.


ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаты Жәмила Нұрманбетова жоғары оқу орындарына академиялық және басқарушылық еркіндік беру мәселесін шешудің жолдарына тоқталды, Парламенттің бұл саладағы заңдарына түсінік берді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Оспанұлы Балықбаев өзі басқарып отырған оқу орнындағы академиялық еркіндік мәселесі қалай жүргізіліп жатқанын айтты. Жоғары оқу орындары ректорлары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов, Халықаралық бизнес университетінің ректоры Дархан Ахмет-Зәки, Алматы Менеджмент Университетінің ректоры Гүлмира Қорғанбаева және басқалар талқыланып отырған мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім