Негізгі бет /
Хабарландыру
28.11.2016
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Алдашева Камар Сагингалиевнаның «Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздер: кодификация үдерістері және олардың лингводидактикалық негіздері» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақша.
Ғылыми кеңесшілер: Шаханова Розалинда Әшірбайқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Мехмет Ариф Өзербаш - PhD доктор, доцент. Гази университеті (Түркия, Анкара). Рецензенттер: Жапбаров Амангелді - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты. Ергожина Шаттыгул Лесбековна - педагогика ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.
Қорғау 2016 жылдың 28 желтоқсанында сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы 6D010000 - Білім беру (гуманитарлық ғылымдар) Диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 (3-қабат, 320-кабинет), веб-сайт - www.kaznpu.kz
|