Негізгі бет /
Хабарландыру
14.03.2012 КОНКУРС ЕРЕЖЕСІ 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 1.1. «Қазақстан тарихынан 100 дәріс» Конкурсы Қазақстан тарихы бойынша неғұрлым өзекті және тартымды дәріс топтамаларын анықтауға арналған. 1.2. Конкурс міндеттері: Жоғары оқу орындарының оқу үрдісінде Қазақстан тарихын оқытуда ғылыми ізденістердің әлеуетін жоғары деңгейде тиімді пайдалану, талантты зерттеушілерге қолдау көрсету. 1.3. Конкурсқа Қазақстан тарихына байланысты дәрістердің мәтіндері қабылданады. 1.4. Үздік жұмыстардың авторлары ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады және Абай атындағы ҚазҰПУ қаржысымен шығарылатын «Қазақстан тарихынан 100 дәріс» еңбегінің авторлық ұжым құрамына енгізіледі.
2. КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР 2.1. Конкурсты ұйымдастырушы Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих факультеті болып табылады. 2.2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу жұмыстарымен арнайы құрылған комиссия айналысады. (әрі қарай «Комиссия»)
3. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР 3.1. Конкурсқа Қазақстан тарихына байланысты қазақ тілінде жазылған дәрістердің мәтіндері қабылданады. 3.2. Конкурсқа Қазақстанның оқу орындары және ғылыми мекемелердің (жас ерекшеліктеріне қарамастан) ғалымдары, зерттеушілері және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатыса алады.
4. КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ 4.1. Конкурс жеңімпаздары Комиссия шешімімен анықталады. 4.2. Жеңімпаздар ынталандыру сый-ақыларымен марапатталады.
5. ЖҰМЫСТЫ БЕЗЕНДІРУ ЕРЕЖЕСІ: 5.1 Конкурс жұмыстары компьютермен терілген және электронды түрде болуы керек. Әр жұмыс іс-қағаз тіркелген папкаға, қажетті құжаттары және титулды беттерімен қоса желімделуі тиіс. 5.2. Конкурсты жұмысқа келесі құжаттар тапсырылуы қажет ( қағаз және электронды түрде): - ғылыми -танымдық жұмыс (дәрістің мәтіні). - жұмыс авторы жөнінде мәлімет (аты, әкесінің аты, тегі, ғылыми дәрежесі, атқаратын қызметі, жұмыс орны, телефоны); - Қазақстан тарихынан конкурсқа ұсынылған ғылыми-танымдық дәрістерінің мәтініне сын-пікір.
6. КОНКУРС ЖҰМЫСЫН ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ 6.1. Конкурсқа жекелеген авторлардың немесе авторлық ұжымдардың жұмыстары қабылданады. Тапсырыс беруші авторлардың конкурсқа ұсынылатын дәрістеріне шектеу қойылмайды. 6.2. Конкурсқа ұсынылған дәріс мәтінінде ғылыми жаңалығы, қарастырылған мәселе төңірегінде өзіндік көзқарасы, қомақты методология-лық (әдістемелік) және деректік негіздері ашып көрсетілуі керек. 6.3. Ғылыми жұмыстың қағаз бетінде ұсынылған нұсқасына автор қол қоюы керек. 6.4. Конкурстық жұмыстар талапқа сай орындалған түрде комиссияға тапсырылады. Жұмыстың тапсырылуы: - электронды түрде, электронды почтамен төмендегі мекен-жайға жіберілуі керек hist.fac_1934@mail.ru - қағаз тасымалдау түрінде төмендегі мекен-жайға : 050010 Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих факультеті, 501 кабинет. «Қазақстан тарихынан 100 дәріс» Конкурсына белгісімен. 6.5. Конкурс талабына сай емес жұмыстар комиссия тарапынан қарастырылмайды. Конкурстық жұмыстарға сын-пікір берілмейді және кейін қайтарылмайды. Авторға конкурсқа жіберілген ғылыми жұмыстың қабылданбағаны туралы ескерту жасалады. Конкурсқа қатысу және оның нәтижесіне байланысты апелляциялар қабылданбайды.
7. ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ БЕЗЕНДІРІЛУІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: 7.1. Конкурстық жұмыстың безендірілуінде титулды беті және ғылыми-танымдық жұмысы (дәрістің мәтіні) болуы. 7.2. Дәріс мәтінінің жалпы көлемі 5-7 беттен аспауы керек. 7.3. Дәрістің барлық мәтіні MS.WinWord 6.0(7.0) форматты редакторлық мәтінде дайындалуы керек . 7.4. Мәтін А4 (297х 210) форматтағы қағазға терілуі керек, сонымен бірге мәтін жолдары: жоғары-20 мм, төменгі 20 мм, сол жағы-30 мм, оң жағы-10 мм. 7.5. Мәтінге қойылатын талап: қарібі - Times New Roman, 14 кегль шрифтімен, әр жолдың арасы бір интервалдан терілуі шарт, абзац басындағы шегініс - 1,25 см.
8. КОНКУРСТЫҢ ӨТКІЗІЛУ МЕРЗІМІ: 8 .1. Конкурс жұмыстарын қабылдау - 1 наурыз - 30 сәуір 2012 ж. (почтамен жіберілген жұмыстар -жіберілген күнімен есептеледі). 8.2. Сараптау және комиссия жұмыстарының қорытындысы 2012 жылдың 1-26 мамыр аралығында шығарылады. 8.3. Конкурс жұмысының қорытындысын шығару 31 мамыр 2012 жыл. 8.4. Университет қаржысына жинақ шығару (маусым-тамыз 2012 ж).
"Қазақстан тарихынан 100 дәріс" курсы бойынша дәрістер тақырыптары |