Негізгі бет
Жаңалықтар
16.05.2019 «Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары: бір белдеу, бір жол» дөңгелек үстелі
2019 жылдың 15 мамырында Филология және көптілді білім беру институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасында «Қазақстан-Қытай қарым-қатынастары: бір белдеу, бір жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара мақсаты - халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастыру.
Кездесуде «Бір белдеу, бір жол» жобасы талқыланды, бұл жоба тікелей Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауымен ұштасады. Білім мен мәдениет секілді маңызды салаларда оларды жүзеге асыру жолдары дөңгелек үстелдің басты тақырыбы болды.
Ашылу салтанатында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева сөз сөйлеп, бұл жобаның жастарды тәрбиелеудегі маңызды рөлін атап өтті.
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жобасы қазіргі заманғы Қазақстан-Қытай практикалық ынтымақтастық алаңы және болашақта екі ел арасындағы татулықты нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында профессор Айгүл Жұмабекованың «Қытай тіліне аударылған қазақ авторларының шығармалары» тақырыбындағы баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. Сондай-ақ кездесуде «Экономикалық даму стратегиясы: «Бір белдеу, бір жол» тақырыбында, ҚХА Қытай мәдени орталығының төрағасы Эдуард Джан баяндама жасады.
Дөңгелек үстел жұмысына ҚХР-нан келген қонақтар және ҚХА мүшелері белсенді қатысты. Атап айтқанда, Дунган этномәдени орталығының төрағасы Войнце Абубакир, Алматы Қазақстан Халқы Ассамблеясының Хатшылығының меңгерушісі Назар Балғымбаев.
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы |