қазақша · русский · english
   

      2017 жылдың 2-3 наурыз аралығында  г.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Ә.С. Бейсенованың 85 жас мерейтойына арналған «Жаратылыстану ғылымдары білімін  жаңартылған мазмұны жағдайында модернизациялау» тақырыбындағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ өтті.

      Конференцияның мақсаты - қазіргі кездегі ғылым мен инновацияның теориялық және практикалық мәселелерін география, экология, биология, химия және т. б. жаратылыстану ғылымдарындағы білімдерін дамытудағы өзекті мәселелерді орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында кең ауқымды талқылау болды.

        КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫ КЕЛЕСІ БАҒЫТТАР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛДІ:
1. Қазақстанның жоғары оқу орындарында ғылыми-жаратылыстану бағытындағы болашақ мамандардың кәсіби дайындығын жетілдіру.
2. Жаратылыстану ғылымдары пәндерін интеграциялау: проблемалары және шешімдері.
3. Заманауи оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау проблемалары және тәжірибесі.
4. Геоэкономика, геосаясат, демография және туризм мәселелерін шешудегі география ғылымының ролі.
5. Тұрақты даму контекстінде табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың қазіргі проблемалары.

 

 

Қазақстан география және экология кафедрасы 18 профессор-оқытушылар, ішінде 1- г.ғ.д., ҚР ҰҒА-ның академигі, профессор, 1- ғылым докторы, профессор, 1- Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, бес ғылым кандидаты мен доценттері, аға оқытушылар және оқытушылар жұмыс атқаруда. Кафедраның мақсаты - Қазақстанның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану үшін қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мүддесіне білім беру арқылы, қоғамның табиғи, адам және табиғат ресурстарын тиімді және жауапкершілікпен пайдалану үшін экологиялық үздіксіз білім беруге негізделген. Басты міндеті жоғары оқу орындары және осы заманғы өмір талабына сай студенттерге терең білім беру, кәсіптік біліктілігі жоғары мамандарды дайындау болып табылады.
Кафедрада «Экология» мамандығына қабылданған студенттер: экология және тұрақты даму, биосфера туралы ілім, өсімдіктер мен жануарлар экологиясы, өндіріс экологиясы, адам экологиясы, ғаламдық экология, әлеуметтік экология, экологиялық мониторинг және сараптама, экологиялық білім беру, экологияны оқыту әдістемесі және экотуризм пәндерінен дәріс алады.
География мамандығына қабылданған студенттер «Қазақстанның физикалық географиясы», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы», «Жаратылыстану», «Географияны оқыту әдістемесі», «Ландшафттану», «Қызмет көрсету географиясы», «Геоэкология және табиғатты қорғау», «Экологиялық білім және тәрбие беру», «Биогеография» пәндерінен дәріс алады.
Сонымен қатар студенттердің, бакалаврлардың дипломдық және курстық жұмыстарын талқылау, ғылыми-әдістемелік семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру бағыттарында жұмыс жүргізіледі.
Кафедраның материалдық базасы қазақ және орыс тілдерінде оқулықтармен және оқу әдістемелік қорымен жақсы жабдықталған. Қазақстанның экологиялық қауіп төнген аймақтар туралы оқу филімдері, бейнетаспалар, кестелер т.б. құралдар бар.
Біздің кафедрадан «5В060800-Экология» мамандығын аяқтаған түлектер Қоршаған ортаны қорғау ұйымдарына, әкімшілікке, экологиялық бақылау мекемелеріне, ауылшаруашылық министірлігіне, өндіріс орындарына сарапшы-аудитор, ғылыми-зерттеу, жобалау институттарына ғылыми қызметкер, жоғары оқу орындарына, коллеждерге, лицейлер мен мектептерде оқытушы болып жұмысқа орналасады.
«5В011600- география» мамандығын аяқтаған түлектер мектеп жүйесінде ғана емес басқада басқару аппараттарында, министрліктерде, ғылыми-зерттеу институттарында, КазГидромет орталықтарында, әкімшіліктерде, қоғамдық және қоғамдық халықаралық ұйымдарда, жоғары және орта білім беру жүйесінде жұмыс істей алады. Шет тілін жете меңгерген студенттерге сұраныс өте жоғары. Оларды алыс, жақын шет елдерге жіберіп өзі бітірген оқу орнында қызметпен қамтамасыз етеді. Студенттер оқу процесі барысында шет елдік және отандық ғылыми жобаларға қатысып грант иегері болуына бар мүмкіндік жасалған. Себебі, кафедрада 2012 жылдан бастап экологиялық лаборатория жұмыс жасайды. Ғылыми- зерттеу жұмыстарына икемділігі бар түлектер магистратурада оқуын жалғастырады.
Жастардың рухани дамуына да толық жағдай жасалған. Студенттік өзін-өзі басқару, жастар клубы, спорт секциялары, көркем өнерпаздар үйірмелері белсенді жұмыс жасайды.
Кафедрамыздың дәріс аудиториялары қазіргі заман талаптарына сай жаңа инновациялық технологиялармен оқу үрдісін жүргізуге барлық мүмкіндіктер бар (интерактивті тақта мен мультимедиялық проектормен жабдықталған).
Студенттер оқу үрдісінде аудиторияда алған теориялық білімдерін «050608-Экология» мамандығы өндірістік және «050116-География» мамандықтары бойынша педагогикалық және далалық практикалармен ұштастырады.

Студенттік өмір, спорттық өмір
Студенттердің бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізу барысында институт, кафедраның ұйымдастыруымен әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мысалы эколог мамандар түрлі қалалық, аудандық акцияларға жиі қатысып тұрады. Мысалы Алматы өзендерін тазалау, Медеу шатқалындағы іс шараларға, т.с.с. белсене араласуда. Сонымен қатар 2 курс экология мамандығының студенттері «ҚазҰПУ студенттері атом станцияларының салынуына қарсы!», «Қазақстанда баламалы энергия көзін дамыту мәселелері» т.с.с. атты дөңгелек үстелдер өткізді. География мамандығы студенттері туристік, рекреациялық жобалық іс шараларға жиі ат салысады.
Сонымен қатар спорттық іс шаралар да жиі ұйымдастырылып тұрады. Шахмат, воллейбол, баскетбол, футбол т.б.