Профессорлар-оқытушылар құрамы жоспар бойынша оқу бағдарламасын, силлабустарды сапа менеджментінің жүйесі бойынша дайындайды. Студенттердің өзіндік жұмыстары және студенттердің оқытушылармен жұмыс істейтін жұмыстары оқу кестесіне сай жасалынады. Сонымен қатар дипломдық жұмыстарының тізімі бекітіледі. Жыл сайын кафедрада жылдық студенттік ғылыми конференциясы өтеді. Кафедрада оқытылатын пәндер бойынша білім алушыларға арналған 14 оқу әдістемелік кешені бар. Жыл сайын кафедрада қазақстандық және шетел авторларының жаңа оқулықтарымен арнайы әдебиеттер алынады. Кафедраның ПОҚ-ң жарты жылдық есептері алдын ала қойған оқу әдістемелік ғылыми және тәрбие жоспарларына сәйкес келеді. Кафедрадағы ашық сабақтар оқу жылының жоспары бойынша өтеді, ашық сабақтарға байланысты пікірлер № 22.05.03./17 МСЖ папкасында тігіледі.
Мынадай мамандықтарға арналған 3 оқу жұмыс жоспары жасалынды: «5В090200-туризм» (бакалавриат) күндізгі және сырттай оқу бөліміне, екінші жоғары білім алушыларға арналған (құрастырушылар: Мазбаев О.Б., Калимбетов Е.А.) Оқу-далалық жорықтары мен кәсіби практика Практикаларды өту үшін туризм кафедрасы турфирмалармен, туризм департаментімен тығыз байланыста. Қала мектептерімен № 13 орта мектеп, № 20 орта мектеп, № 4 мектеп-гимназиямен тығыз қарым-қатынастары бар. Осы оқу жылдың барысында кафедра келесі практикаларын өткізді:
Көрсетілген жорықтар мен практикалар әр түрлі мерзімде жыл сайын өтілуде.
|