Тәрбие жұмысы жөнінде кафедра оқытушылары келесі іс-шараларға қатысты:
2012-2013 оқу жылында кафедраның оқытушы-профессорлары топ жетекшілері болып бекітілді. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары: - жалпы университеттік шаралар; - Мемлекеттік тілді дамыту жұмыстары; - адамгершілік-рухани және имандылық тәрбие беру; - Қазақстандық патриотизм, отаншылдық тәрбие беру; - экологиялық және эстетикалық тәрбие беру; - Ұлттық тәлім-тәрбие негіздеріне баулу, халықтық педагогика ұстанымдарын насихаттау; - салауатты өмір салтын қалыптастыру және жаппай спорт түрлерін дамыту; - құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту; - экономикалық тәрбие беру; - әлеуметтік қолдау көрсету; - жас таланттарды дамыту және қолдау; - діни сауаттылықты көтеру, студенттер арасында діни экстремизм мен ұлтаралық жанжалдарға жол бермеу шаралары; - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу шаралары; - студенттерге психологиялық көмек көрсету. Эдвайзерлердің өткізген іс-шаралары. Кафедрада тәрбие және ұйымдастыру жұмыстары бойынша Туризм мамандығы тобының топ эдвайзерлері студенттермен тәрбие жұмыстарын жүргізіп отырады. "Ел басы және Қазақстан Республикасында білім беру мәселелері" жайлы студенттермен әңгіме, "Туризм - дене тәрбиесінің құралы ретінде" тақырыбында туризм күніне арналған тәрбие сағаты; "Денсаулығында ақауы бар балалар және қоғам" және топ студенттерінің өзбетінше оқып-үйренуі, өзіндік анықталуына жол көрсету мақсатында "Студент белсенділігінің кілті - өзін-өзі басқаруында" тақырыбында пікір алмасу; "Дін және қоғам" тақырыбында имандылық тәрбиесі жайлы және «Мінез - адам жанының айнасы» тақырыбында пікір алмасу; "Ғасыр дерті" тақырыбында СПИД және нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған пікірталас өткізіліп тұрады. ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың «Біз үшін ең маңыздысы білім сапасы» атты мақаласы кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер арасында талқыланды. Кафедраның оқытушылары мен студенттері факультеттегі «Қыз қылығы» қыздар клубының жұмысына белсене араласады (жетекшісі доцент С. Абилмажинова). Жоспарға сәйкес «Қыз - өмірдің қызғалдағы», Неке және отбасы», «Қыздарға әсемдік жарасады», «Бүгінгі қоғамдағы қазақ қызының келбеті менталитетімізге сай келе ме?» пікір сайыс, «Қызым, саған айтамын...» тақырыптарында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады.
|