Оқу -әдістемелік қызмет
«5В041400-Графика» мамандығы бойынша бакалавр дайындау ҚР МЖМБС 3.08-296-2006, ҚР МЖМБС 5.04 -033-2008 негізінде, ҚР МЖМБС 3.08-296-2006 «5В042100-Графикалық дизайн», ҚазБСҚА және Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ұжымы жасаған міндетті компонеттік пәндер типтік оқу жоспары және типтік оқу бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады. Графика және дизайн кафедрасымен мемлекеттік жалпы білім стандарты мен типті оқу жоспарларының негізінде пәндердің оқу жұмыс жоспарлары, бағдарламалары жасалған. Студенттердің таңдауы бойынша пәндердің оқу бағдарламаларына ішкі және сыртқы ЖОО ұстаздарының, жұмыс берушілірдің сын-пікірлері бар. Мамандықтың оқу жұмыс жоспары типтік жоспарға сәйкес келеді. Оқу жұмыс бағдарламалары және силлабустар КСФ Оқу Кеңесінде бекітілген типтік және оқу бағдарламасына негізделіп жасалған. Мамандықтардың жұмыс жоспарларына графика және дизайн кафедрасының ұстаздарымен элективті пәндер каталогы құралған. Кафедраның методикалық қоры практикалық тапсырма үлгілерінен және арнайы пәндердің барлық түрінен студенттердің үздік жұмыстарынан тұрады. Натуралық қойылымдарға арналған реквизиттер бар. Дәрісханалар қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Тәжірибелі ұстаздар жас оқытушыларға өз кеңестерімен, оқу-методикалық әдебиетпен, көрнекіліктермен көмектеседі. Кафедра оқытушылары үнемі өзінің практикалық сабақтарында озық технологияларды және студенттің оқу-шығармашылық белсенділігін арттырудың жаңа әдістемелік тәсілдерін енгізуге тырысады. Ұстаздар графикалық тапсырмаларды орындаудың тәсiлдерiн көрсетіп, ұқсас жұмыстарды олармен параллель орындай мастер-кластар өткiзедi. Компьютер класында электрондық тасымалдаушыларда көрнекi материалды көрсету қолданады. Натуралық қойылымдарды ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Әр қойылым болашақ суретшiлердiң көркем және эстетикалық талғамын қалыптастырудың элементi ретінде қарастырылады.
«Дизайн» және «Графика» мамандықтары бойынша оқу ұзақтығы 5 жыл (10 семестр). «Дизайн» және «Графика» мамандықтары жайлы Бакалаврлардың кәсiби қызметінің аясы: ғылыми - педагогикалық, көркемдік, инженерлiк - конструкторлық қызметті интегралдайтын, экономиканың дамуына, мәдениеттің және халық өмірі деңгейінің жоғарылауына ықпалын тигізетін жоғары эстетикалық, бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасауға және жетілдіруге бағытталған эстетикалық мәнерлi пәндiк - кеңiстiктiң ортасын қалыптастыру бойынша шығармашылық қызметтiң түрi. Бакалаврлардың кәсiби қызметінің нысандары: адамның рухани және қарапайым қажеттiлiктерін қанағаттандыратын бүтiндiк эстетикалық мәнерлi заттық ортаның кешендерi (техника және жабдық, көлiк, интерьерлер, полиграфия, халық тұтынатын тауарлар). «Графика» мамандығы жайлы «Графика» мамандығы классикалық графикалық өнер саласына, кiтап өнерi, баспа полиграфиялық өнiмiн безендіру, анимациялар және компьютерлік графика, фирмалық белгілерді, жүйелер мен логотиптерді әзiрлеу, күнтiзбелер, плакаттар, проспект дизайнын жасау, сонымен бiрге жобалау және интерьердi эстетикалық және бiртума көркемөнер шығармасына айналдыру, кәсiби шығармашылық қызметке суретшілерді даярлауды қамтамасыз етеді.
Микаилова Сяна, Белоногова Екатерина, Хан Леонид, Оралбаева Лашын, бірнеше рет студенттер арасындағы республикалық пәнаралық олимпиядаларға, ғылыми конференцияларға, шығармашылық байқаулар, фестивальдарға факультеттің, қаланың және ҚР көркем көрмелерiне қатысып жүлделi орындар алған.
|