қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.06.2019

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

«Біздің балалар» қайырымдылық акциясы

 

2019 жылдың 15-31 мамыры аралығында университеттің «Абай үні» қайырымдылық акция-марафоны аясында «Мейірім» клубының ұйымдастыруымен «Біздің балалар» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымдық акцияның мақсаты - 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай сал ауырына шалдыққан Айару есімді төрт жасар сәбидің еміне қаржылай көмек көрсету.

 

Атап өткен жөн, ізгілікті шара 15 мамырда Педагогика және психология институтында көмекке мұқтаж cәбидің ата-анасымен өткен кездесуден бастау алып, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті мен университетіміздің барлық институттарының бірлесе атсалысуымен өткен қайырымдылық акцияға ұласты.

 

Шара барысында Жаратылыстану және география институты, Тарих және құқық институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Филология және көптілді білім беру институты, Математика, физика және информатика институтының ұжымы, профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастары, белсенділік танытып, үлес қосты.

 

Қайырымдылық акцияның қасиетті Рамазан айында жүзеге асырылуы университеттің барлық педагогикалық ұжымы мен студент жастарының ізгі амалдарының басын біріктірді. Акция барысында, университет ұжымы Айарудың Чехия елінде целебралды сал ауруын емдейтін арнайы орталықта жасалатын ем-домы үшін қаражат жинап берді.

 

31 мамырда акция аясында жиналған 425 000 мың тенгеге жуық қаражат, науқас сәбидің ата-анасына Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті және Жастар ісі жөнінідегі комит ұжымының қатысуымен табысталды. «Мейірім» клубы қайырымдылық акциясына қатысқан барлық мейірімді жандарға, шын жүректен алғыс білдіріп, әлеуметтік қолдауға мұқтаж сәбилерге көмек көрсетуге ұмтылған ізгілікті қадамдары үшін алғысын білдірді.

 

«Біздің қуанышымызда шек жоқ. Біздің қиналғанымызды мейірімді жүрекпен сезініп, перзентіміздің ауыр тағдырына бей-жай қарамай, қолдау көрсеткен университет ректоры Такир Оспанұлына, «Мейірім» клубының ерікті студенттеріне, барлық педагогикалық ұжымға, одан бөлек студент жастарға алғысымыз шексіз», - деді сәбидің ата-анасы Гүлзат және Асыл.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы