қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.06.2019

«Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

2019 жылғы 4 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар: Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы және студенттік кіші ҚХА «Бірлік» клубы.


Дөңгелек үстелдің мақсаты - «Н.Ә. Назарбаевтың этникааралық келісімнің қазақстандық моделі» пәнін алға жүргізу, оны басқа да жоғарғы оқу орындардарда енгізу.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы, оның ішінде өзге ұлттардың ғалымдары, студенттер мен кіші студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясынын «Бірлік» клубының мүшелері қатысты.

 

Дөңгелек үстелді университет ректоры Такир Балықбаев ашты. Ректор өз сөзінде: «Мен бүгін сіздерді жинаған себебім, бізде этносаралық келісімнің мәселесі бойынша не істеліп жатыр, сол туралы сіздердің ойларыңызды, пікірлеріңізді, ұсыныстарынызды тыңдағым келді. Кіші Ассамблея «Бірлік» не істеп жатыр, неге оның қомақты іс-шараларын біздер көрмейміз? Біздер ең алдымен «Бірлікті» көрсетіуміз, сонымен мақтануымыз керек, содан кейін басқа да қалалық этномәдени бірлестіктердің жұмыс нәтижелерін қоғамға көрсетуіміз кажет деп ойлаймын. 2018 жылғы 23 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды. Казіргі кезде біраз жұмыстар жасалды, оның ішінде аталған пәнді енгіздік, сабақ өткізіліп жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы - бұл жай ғана ұйымдық құрылым емес, біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, бейбітшілік пен бірліктің символы. Еліміздің барлық этномәдени бірлестіктерінің бірігуі арқылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің көпұлтты елде сындарлы диалог пен өзара түсіністікті қалыптастыра алатын ұйым құрды, көп мемлекеттерде ол «Модель Н.А.Назарбаева» деп аталып кетті», - деді Такир Балықбаев.

 

Ректор «Қазақтану» бағдарламасы мәселесіне баса көңіл бөліп, «Н.Ә.Назарбаевтың этносаралық келісімнің қазақстандық моделі» пәні бойынша Жазғы мектепте барлық Институтардың алдында презентация жасау мәселесін сөз етті.


Дөңгелек үстелде Қазақстан Халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Георгий Кан «Қазақстандағы ұлтаралық келісім - Н.Ә Назарбаевтың моделі»; «Барбанг» Күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев «Наш путь -Путь Елбасы»; Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков «Қазақстандағы ұлтаралық келісімнің өзіндік үлгісі», Қазақ білім академиясының академигі, «Біліктілікті жетілдіру және қашықтан оқыту» орталығы директорының орынбасары Александр Семченко «Процветание Казахстана: гражданское сознание и стабильность», филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студенті, «Бірлік» Ассамблеясының мүшесі Азиз Абдушакиров «Жаңғырудың негізі - тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбында баяндамалар жасады.


Баяндамалар бойынша Бастапқы әскери дайындық кафедрасының менгерушісі Сайлаубек Таукейұлы, профессор Темірхан Тебегенов, ЮНЕСКО педагогика кафедрасы менгерушісі Геннадий Селютин, Азаматтық қорғаныс және мобилизациялық дайындық бөлімнің бастығы Евгений Салтанов, «Рухани Жанғыру» жоба жетекшісі Борасын Иманбердиев, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аға окутышы Хальминян Масимова, Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының профессоры Гульмира Қажіғалиева өз ойларын ортаға салды.


Барлық сөз сөйлеушілер «Н.Ә. Назарбаевтың этникааралық келісімнің қазақстандық моделі» пәнің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел университеттің «Бірлік» студенттік бірлестігінің жұмысына көп көңіл бөлу кажеттілігіне аса назар аударды.

 

   

 

    


Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы