қазақша · русский · english
   

       Әр жылдары кафедрада атқаратын тәрбие ісі жөніндегі жоспары құрылып бекітіледі. Ондағы қарастыратын басты бағыттар: студенттердің шығармашылық жұмыстарын қадағалау, әлеуметтік жағдайын жасау, адамгершілік-рухани және эстетикалық тәрбие беру, салауатты өмір салтын ұстану, өнер танымдық көрсету, нашақорлық, ішімдік, ЖҚТБ, діни экстремизм заң бұзушылыққа жол бермеу және мәдениетті қолдау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу шаралары студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстары т.б. болып табылады.
Кафедраның тәрбие жұмысы Университет жоспарына сай өткізіліп, институттың, кәсіподақ ұйымы, кітапхана жалпы институт кафедралары және қазақ тілі, дене тәрбиесі бөлімдерімен бірге іске асырылады.
       Кафедра жоспарына сәйкес көркем тәрбие беру, студенттердің білім деңгейлерін көтеру мақсатында тәрбие сағаттар өкізіліп отырады.
     Тәрбие жетекшісіне жатақхана, көрмелерге қатыстыру, өнер мұражайларын аралату бағытындағы т.б. жұмыстар белгіленген. Әр апта сайын студенттермен бейнелеу өнері жөнде пікірталас, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып отырады.
Оқу жылының алғашқы күндері әрбір топ тәлімгерлері білімгерлер жөнінде толық мәліметтер (келген жері, тұратын мекен-жайы, байланыс телефондары,ата-анасы туралы, денсаулығы, әлеуметтік жағдайы, білім дәрежесі туралы) жиналып талданады. Әр білімгермен жеке-дара әңгіме өткізіліп, жеке тұлғалық қабілеттеріне сай тәрбиелік диагностика жасалады.
     Тәрбие жетекшілеріне студенттердің ата-аналарымен байланыс жасап, бірде-бір студенттің назардан тыс қалмауы ескертіледі.
      Кафедра студенттері университет және институт ұйымдастыратын ғылыми конференциялар мен түрлі іс-шараларға ұлттық нақыштағы салтанатты костюмдер киіп, жоспарланған мәдени шаралардың ашылуында қонақтарды қарсалуға әрдайым қатысуда.
      1-қараша күні «Абай өлеңдеріне» арналған іс-шараға Республика Сарайы, Абай мүсінінің алдында қазақтың ұлттық нақыштағы костюмдерімен «Костюм дизайны» мамандығының 1-курс студенттері дефиле көрсетеді.
      Мысалы, 15.12.2016 ж. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы, Медеу ауданының 80 жылдығы аясында ұйымдастырылған көпшілік-мәдени іс-шараларға да «Костюм дизайны» мамандығының студенттері белсенді қатысты.
        Е.Т. Байкулаковтың тәлімгерлік тобында «Адамның адамшылдығы..... жақсы ұстаздан болады» деп Абай Құнанбаевтың осы сөзін студенттердің әрдайым басшылықтарына алып жүру маңызды екендігі түсіндірілді. Халықаралық студенттер күні туралы студенттерге мағлұматтар беріледі.
          Студенттерге мемлекеттік тілдің өркендеп оянуына, мемлекеттік тілді сүюге, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерешеліктері, салт-дәстүрі, діні, тілі ерешелігі болатыны түсіндіріледі. Ана тілінің бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін әр адамның бірінші парызы. Ол туған жерді, елді, Отанды атамекенді сүйе білу деген сөз.
        Өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілдің маңыздылығы түсіндіріледі. «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзін басты ұстанымға алу керектігі айтылып отырады.
       Студенттерді өнер ошақтарына апару, М.Әуезов атындағы драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театры, Орталық мұражайға, сурет көрмелеріне алып барудағы мақсат студентерге рухани тәрбие беру болып табылады.
         2016 жылдың 25-қарашасында «Костюм дизайны», «Графикалық дизайн» мамандығының студенттерімен Ә.Қастеев ат. мұражайда «Қазақстан Дизайнерлер Одағының» ұйымдастыруымен өткен «Кең дала» атты Қазақстан сувенирлерінің ашық конкурсының көрмесінде болып, экспозициялардан алған әсерлерімен бөлісті.
         «Абай айтады...» тақырыбында тәлімгерлік сағат өткізілді. Университет Абай атында болғандықтан Абай туралы, оның қанатты сөздерін студенттер жақсы білуі тиіс. Сондықтан Абай туралы мағлұматтарды өздеріне іздеттіріп отыру қажет.
     С.С. Киргизбекова мен Е.Қ. Рысымбетов тәлімгерлік топтарында «Өмір мен қылқалам-шығармашылық бастауы» тақырыбында көркем эстетикалық бағытта тәрбие сағаты өтілді. Баяндамашы 2 курс 23-1 топ 5В04130 «Живопись» мамандығынан Дүйсебаева Ботакөз бен 5 курс «Графикалық дизайн» мамандығынан БагмановаАйганым баяндама жасалып талдау, пікір-талас ұйымдастырылды.
       Дизайн мамандығы студенттеріне жүргізілетін тәрбие сағаттарының мазмұны көбінде кәсіби жағына бағытталғандығымен ерекшеленеді, сондықтан бір шама әңгіме-талқылаулар суретши-дизайнерлердің шығармашылығымен танысуға бағытталған.

           Мамандықтың студенттермен оқу-тәрбиелік жұмысын жүргізу мен ұйымдастыру 27 шілде 2007 ж.ҚР «Білім туралы» Заңы ,7 шілде 2004 жылғы ҚР «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар спясаты» заңы, 2006-2008 жылдардағы Қазақстан Республикасының азаматтарын потриоттық тәрбиелеу бағдарламасы, 3 қараша 2004 жылғы Қазақстан Республикасында білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы ,2006-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының мекемелеріндегі тәрбиесінің комплексті бағдарламасы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тәрбие жұмысы жоспары, академиялық топтардағы эдвайзерлік жұмыстың тәртібі және т.б.
       Оқу-тәрбие жұмысына жауапты сала (бірінші проректор, ОЖ проректоры, ТЖ, ОБ, ОТЖ проректоры, факультет деканы,кафедра меңгерушісі.)
       Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Живопись» кафедрасындағы оқытушыларымен іске асырылатын мамандық бойынша тәрбиелік жұмыстар тәрбиелік жұмыс басшыларының жоспарымен келіседі. Оқытушылар кафедра басшына жасалынып біткен жұмыстарына байланысты есеп береді.
- қазақстандық патриоттық және азаматтық сезім
- танымды - интеллектуалды мәдениет
- саяси және құқықтық мәдениет
- рухани мәдениет
- салауатты өмір салты
- экономикалық мәдениет және тәжірибелі бағыты
- экологиялық мәдениет
- әдепті мәдениет
- ұлтаралық қарым-қатынас және толеранттылық
- отбасылық қарым-қатынас және гендер мәдениеті.
Негізгі бағыт жұмыс жетекші жұмысымен жүргізіледі. Жетекшінің журналында студенттердің анкеталық анықтамасы, сабақ уақытындағы және басқа кезеңдердегі іс шараларымен айналысуы, семестрдегі студенттердің оқу жоспарының орындалуы туралы жазылады.
Жетекшілер ай сайын сағаттар жүргізіп, студенттердің сабаққа қатысуы мен өзін-өзі ұстауларын қадағалайды. Студенттер сабаққа қатыспай немесе оқу жүйесінен ескерту алған жағдайда ата-анасымен кездесу жүргізіледі. Әрбір жетекшіде өзіндік журналдары болады. Онда тәрбие жүйесіндегі жоспарлар және студенттердің толық анықтамасы, жоспарланған кездесулер мен қоғамдық жұмыстарға қатысқандары туралы жазылады.
Жетекшілер өздерінің жетекшілік сағаттарын студенттердің қатысуы мен үлгерімімін қорытындылай отырып өткізеді.
Жетекшіледің 2009-2013жж. оқу жылдығында іс-шаралар мынадай бағыттарда жүргізіледі:
1.Студенттерді қазақстандық патриоттық сезімге және Отан сүйгіштікке тәрбиелеу
2.Адами-сезім және студенттердің әдептілік тәрбиесі
3.Ұлттық тәрбиеде болу, ұлттық педагогиканың жүйелерін жариялау
4.Мемлекеттік тілдерді дамыту жұмысы
5.Жалпыуниверситеттік іс-шаралар
6.ПОҚ және студенттердің ғылыми шараларға қатысу деңгейі
7.Салауатты өмір салты және спорттың барлық түрін дамыту
8.СПИД-ке, наркоманияға, ішімдікке және жезөкшілікке қарсы іс-шаралар
9.ПОҚ және студенттердің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету
10.Талантты жастардың өнерлерін дамыту және оларға қолдау көрсету
11.Оқу уақытында маманды жастарды тәжірибелік тұрғыдан қадағалай отырып, оларды жұмыспен қамтамасыз ету
12.Студенттерге психологиялық тұрғыдан көмек көрсету
13.Мамандыққа таныстыру жұмыстары
14.Экологиялық тәрбие
Тәрбие жұмыстары мен жетекшілік сағаттар жоспарлары жүйелі түрде орындалып жетекшілер сағатының хаттамасында бекітілген. Күн сайын жетекшілер студенттердің сабаққа қатысуын бақылайды. Барлық тапсырылған қоғамдық жұмыстар толық орындалған, студенттердің тәртіп бұзушылығы болмады.
Кафедраның барлық оқытушылары №3 жатақханада кезекшілікте болады, ол туралы мәлімет жатақхана коммендантының кезекшілік журналында тіркелген. Кезекшілік Абай атындағы ҚазҰПУ ректоратының бекітуі бойынша даярланған тізбесі бойынша жүргізіледі.
Кафедрада іс-шаралар жоспарлары бар. Олар:
Куратор сабағының тақырыптары, дөңгелек стол студенттер ғылым қоғамы, ата-аналармен байланыс ҚР президентінің халыққа жолдауы , студенттерді мемлекеттік аттестация қорытындысына дайындау т.б.
5В041300- Живопись мамандығындағы студенттер Жүргенов атындағы ҚҰАӨ және Тараз М.П.И өткен 2011 және 2012 жылдарында Республикалық пән аралық олимпиадаға қатысып 1,2,3 жүлделі орындарды жеңіп алды.
Әр мамандықтағы студенттер жыл сайн студенттер ғылыми үйірмелерге ,ғылыми конференциалардың баяндамаларымен және шығармашыл еңбектермен қалалық республикалық көрмелерге қатысып отырады.
Материалдық және әлеуметтік база 5В041300-«Живопись» мамандыгы бойынша сапалы білім беруді кафедрада толығымен материалдық база жасалынған. Кафедра бойынша 11 аудитория, 1 кабиниет компьютерлік класс бар. Осы мамандықтағы студенттер қазақ және орыс тілдерінде және іс-қағаздар, каталогтар, бағдарламалар қамтамасыз етілген.
Жыл сайын студенттердің 30% жатаханамен қамтамасыз етіледі. Университет жатаханасы толығымен өмір талабына сай жабдықталынып-интернет жүйесіне қосылған. Семия жағдайы төмен студенттерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған: жатаханаға тегін орналастыру ақылы оқуға көмектесу т.б.

В октябре студенты кафедры «Творческих специальностей» КазНПУ им. Абая приняли активное участие в проведении мастер - классов для маленьких посетителей фестиваля Семейного Творчества «Яблоко».


Руководителем мастер -классов на фестивале была старший преподаватель КазНПУ им.Абая Светлана Сейсенбаевна Киргизбекова.

 
В фестивале решались актуальные проблемы художественного образования и эстетического воспитания дошкольников и учащихся средствами декоративно-прикладного искусства.