Негізгі бет
Жаңалықтар
13.06.2019 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен болашақ педагогтардың білім сапасын басқару технологиясы жөніндегі семинар
2019 жылдың 13 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім берудің заманауи тендтері» Жазғы мектебі аясында екі сессия бойынша семинар өткізілді.
Семинардың «Рухани Жаңғыру. Адами құндылықтарды рухани жаңғырту» тақырыбындағы бірінші сессиясын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова мен Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы Руслан Сейтказиев жүргізді. Сессияға институт директорларының тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, эдвайзерлер, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар қатысты. Семинар жұмысында қатысушылар азаматтық, ұлттық, рухани құндылықтар туралы өзара ой бөлісіп, тақырып бойынша пікір алмасу болды.
|