|
| |
Кафедра тынысы
Кафедра меңгерушісі - Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлы - педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, ҚР Көркем академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, шығармашылық-іздену жұмысымен белсенді айналысады.
«Шығармашылық мамандықтар» кафедрасы 2014 жылы үш мамандықтың (Живопись, Дизайн, Графика) қосылуыларына байланысты бірікті.
Оның ішінде п.ғ.к., профессор - 3, өнертану канд., профессор - 1, п.ғ.к., доцент - 4, п.ғ.к., аға оқытушы - 5, өнертану докторы, аға оқытушы - 1, Өнертану канд., аға оқытушы -1, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры - 2, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті - 3, аға оқытушы - 9, ҚР «Мәдениет Қайраткері» - 1, ҚР СО мүшесі - 21, 1- ҚР көркем академиясының академигі; 1- ҚР көркем академиясының корреспондент мүшесі ; «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты -2, кафедрада оқу шебері мен аға лаборанты жұмыс жасайды. Студенттердің білім алуына қажетті кафедраның талаптары материалдық базаға және нормативті талаптарға сай.
Кафедра магистратурадан басқа, Живопись, Графика, Дизайн, Бейнелеу өнері және сызу, Қолданбалы сәндік өнері мамандықтары бойынша қызмет көрсетеді:
Шығармашылық мамандықтар кафедрасының оқу үрдісінің жоспары 5В041300-«Живопись», «5В041400 -Графика», 5В042100 - Киім дизайны, 5В042100 - Графикалық дизайн, 5В042100 - Графикалық дизайн (3-жылдық), 5В042100 - Архитектуралық дизайн мамандықтары бойынша Мемлекеттік білім стандартына негізделіп құрылған.
Мемлекеттік тілде сабақ өткізетін ПОҚ-ң саны, пайыздық мөлшері (мамандық бойынша). 24 оқытушы қазақ тілін жетік меңгерген, сәйкес бөлімде сабақ өткізеді, бұл 84% құрайды. Оның 25 оқытушысы (Құлсариева А.Т., Кенжебаев Ғ.Қ., Мизанбаев Р.Б., Кисимисов Е.Т., Джанаев М.Б., Қайшыбеков Е.Б., Келденова К.К., Мұратаев К.К., Абишева О.Т., Омирбаев К.А., Килибаев Н.А., Турганбаева Ш.С., Киргизбекова С.С., Байкулаков Е.Т., Байкулаков Н.Т., Ералиева С., Омарова Е.О., Канленов М.,Г-М., Найманов Б., Джазықпаева Ш.С.) сабақты қазақша және орыс бөлімдерінде өткізеді, яғни қос тілде, ол 64,5 %, орыс тілінде 4 оқытушы (Михайлова Н.А., Султанова М.Э., Щерблюк Л.Б., Коротин С.Н., Татаева А.Е.,) ол 16% құрайды.
24 оқытушы білімін жетілдіру курсынан өтті, ол 77% құрайды, соның ішінде 16 оқытушы екіден көп білімін жетілдіру курстарынан өтті. Атап айтқанда ҚР БҒМ «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру орталығы жолдамасымен ҚР ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы арқылы алыс шет елде 3 оқытушы (Рабилова З.Ж.- Португалия, Келденова К.К.-Испания, Абишева О.Т.- Англия.), Алматы қаласындағы «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру орталығында 8 оқытушы, 72-96 сағат көлемінде семинарға қатысқандар саны 25, сонымен бірге шеберлік класын өткізгендер саны 19, тағы басқа біліктілікті жетілдіру курстарынан өтіп, сертификаттар алған оқытушылар саны -13.
Живопись кафедрасының дамуының қысқаша тарихы.
ТҰҢҒЫШ АШЫЛҒАН ЖИВОПИСЬ КАФЕДРАСЫ. 1969 жылы жаңадан ұйымдастырылған Живопись кафедрасының құрылу тарихына тоқталсақ, Кафедраның тұңғыш мегерушісі әрі ұйымдастырушысы аға оқытушысы Г.П.Кабачный болды. 1978-1991 оқу жылдар аралығында, Живопись кафедрасын аға оқытушы, СССР СО мүшесі М.А.Нұрлыбаев басқарды. 1991-1993 оқу жылдар аралығында Живопись кафедрасын; ССРО СО мүшесі, доцент В.Ф.Власюк басқарды. СТАНОКТЫҚ ЖӘНЕ СӘНДІК ЖИПОПИСЬ КАФЕДРАЛАРЫ. 1993 ж. Живопись кафедрасы: «Станоктық живопись» және «Сәндік живопись» болып екі кафедраға бөлінді. 1993-2008 жылдар аралығында «Станоктық живопись» кафедрасын: профессор, ССРО СО және ҚР СО мүшесі, «Ыбырай Алтынсарин» медалінің авторы, акварель бояуы жұмыстары үшін Кипр аралының күміс медалі мен ХШЖК-нің алтын медалінің иегері В.Ф.Власюк басқарды. і993-2001 жылдар аралығында «Сәндік живопись» - кафедрасын ҚазССР Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, КСРО және ҚР СО мүшесі, республикалық, бүкілодақтық, халықаралық көрмелер мен конкурстардың дипломанты, ХШЖК-нің алтын медалінің иегері, Чехияда 1 орын, алтын медаль алғаны үшін диплом иегері, профессор А.Ж. Нақысбеков басқарды.
ЖИВОПИСЬ ЖӘНЕ ӨНЕР ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ. 1998 оқу жылынан бастап «Сәндік живопись» кафедрасы «Живопись және өнер тарихы» кафедрасы болып қайта құрылды. 2001-2004 оқу жылдар аралығында, «Живопись және өнер тарихы» кафедрасын: Республикалық «Астана-Бәйтерек» конкурсының дипломанты, Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі, философия ғылымының докторы, профессор Б.К.Байжігітов басқарды. Кафедераны профессор Б.К.Байжігітов басқарған тұста, кафедраның ғылыми жұмыстары мен студентерге білім беру процессінде терең өзгерістер болып қана қоймай, қарыштан алға басқан даму кезеңі басталды. Философия ғылымының докторы, профессор Б.К.Байжігітовтің басқа жұмысқа ауысуына байланысты 2004 жылы кафедра меңгерушісі қызметінен кетті. 2004-2008 оқу жылдар аралығында «Живопись және өнер тарихы» кафедрасын: п.ғ.к. доцент, ҚХР Ханьшань пединститутының құрметті профессоры, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Р.Б.Мизанбаев жетекшілік етті. Кафедраға доцент Р.Б.Мизанбаев жетекшілік еткен уақыт аралығында: оқу бағдарламалары мен студенттердің творчестволық қабілетін дамытуға лайықталған СӨЖ бағдарламалары жасалды. Көптеген студенттердің ғылыми теориялық және творчестволық жұмыстарға тартылғандығының арқасында, жыл сайын 5-6 студент ғылыми теориялық конференцияларда бейнелеу өнерінен баяндама жасаса, 25-тен астам студент живопистік жұмыстарымен көрмелерге қатысып творчестволық табыстарға жетіп, Университет пен факультет тарапынан мадақтауларға ие болды. 2008 жылы профессор В.Ф. Власюктің орнына, «Станоктық живопись» кафедрасының меңгерушісі болып: ҚХР Ханьшань пединститутының құрметті профессоры, ҚР С.О. мүшесі, п.ғ.к. доцент, Р.Б.Мизанбаев тағайындалды. 2008 жылдың тамыз айынан бастап, «Станоктық живопись» кафедрасынның меңгерушісі болып тағайындалған доцент Р.Б.Мизанбаевтың орнына, «Академиялық живопись» кафедрасының менгерушісі болып: п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, ССРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Көркем Академиясының корреспондент мүшесі Қожағұлов Тоққожа Мұқажанұлы тағайындалды.
ЖИВОПИСЬ КАФЕДРАСЫ. 2009 оқу жылында, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ректоры, профессор С.Ж. Піралиевтің жарлығымен «Станоктық живопись» және «Академиялық живопись» кафедралары қосылып, қайтадан «Живопись» - кафедрасы атанды. Живопись кафедрасының меңгерущісі болып: ССРО және ҚР СО мүшесі, «Дарын» сыйлығының лауреаты, ҚР көркемөнер Академиясының корреспондент мүшесі, п.ғ.кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Т.М.Қожағұлов тағайындалып оны осы күндері басқарып отыр. Жаңадан ашылған Живопись Кафедрасының негізгі бағыты мектеп пен жоғарғы оқу орындарына кәсіби мамандар дайындау болып табылатындықтан, кафедра факультетте дайындалатын: 050107 - Бейнелеу өнері және сызу. 050413 - Живопись, 050414 - Графика, 050421 - Киім дизайны, 050417 - Көркемдік жөндеу, сәндік өнері және басқа да материалдар мен көркемдеп тоқу мамандықтарының барлығына мына төменде айтылатын пәндерден сабақ береді. Академиялық живопись, композиция, станоктық живопись, портреттік живопись, пейзаж живописі, живопись, монументальды живопись негіздері, сәндік живопись, шеберхана таңдау, диплом жұмысын зерттеу, арнайы композиция, материалмен жұмыс істеу, материалдардың технологиясы мен техникасы, түс пен рең теориясы, арнайы сурет, көне заманда өткен шеберлердің суреттерін көшіру, живопись бойынша факультатив және пленэр. Бұл мамандықтарды таңдаған студенттерді живопись өнеріне баулудағы ең негізгі мақсат: студенттерге живопись өнерінің негіздерін меңгертіп, әсемдікті көре білу қабілетін дамытып, көркем ойлай білу мен көркем жаза білу мәнерін қалыптастырып; су бояу мен майлы бояу арқылы көркем шығарма жаза білудің техникасы мен технологиясын оқып үйретіп, білікті де білгір әрі өз ісінің кәсіби маман болудың мектебін қалыптастыру. Оның үстіне «Живопись» пәні - кафедраның базалық оқу пәні болып табылатындықтан, күндізгі және сырттай бөлімдердің студенттері, жоғарғы оқу орнындағы оқуларын аяқтар кезде «Живопись» - мамандығы бойынша дипломдық жұмыс жазып, оған мұғалімдер тарапынан жетекшілік жүргізіледі. Профессор Т.М.Қожағұлов басқарып отырған «Живопись» кафедрасы, Қ.Р Оқу министрлігі мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың басышылығы қойып отырған талаптар мен қатар, кафедраның өзі алдына қойып отырған мақсаттарын іске асыру үшін, университет басшылығының қаржылай әрі материалдық көмек беруінің арқасында өзің материалдық техникалық базасын жақсартып алды. Қазіргі таңда «Живопись» кафедрасының; 9 оқу шеберханасы, натура қоры, кітапхана, көркемсурет галереясы, оқу көмекші құралдары, компьютрерлер, интернет, принтерлер, мултимединный проектор, ксерокс, мольберттер және тағыда басқадай студентерге сапалы оқуға мүмкіндік беретін оқу құралдары бар. КАФЕДРА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫСТАРЫ. Живопись кафедрасының барлық оқытушылары творчестволық жұмыспен айналысып, Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуына өз үлестерін қосуда. Профессорлар: Т.М. Қожағұлов., А.Ж.; Нақысбеков. Доценттер: Коротин С.Н., Мизанбаев Р.Б., Н.А.Қилыбаев, Б.Қ Мырзахметов, Е.Т. Кісімісов, М.У. Қайдаров, Қ.Қ. Муратаев. Аға оқытушылар: Қ.А.Өмірбаев, Е.Б. Қайшыбеков, Х.Н., Зубанов, К.К.Келденова, З.Ж Рабилова, О.Т. Әбішева халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық көрмелерге белсене қатысып, ал кафедраданың А.Ж.Нақысбеков, С.Н.Коротин, Х.Н.Зубанов, Н.А.Қилыбаев, Б.Қ.Мырзахметов, М.У.Қайдаров, К.К.Келденова, О.Т.Әбішева. секілді бірнеше оқытушылары жеке көрмелерін өткізіп өнерлерін көрерменнің тезіне салып, жақсы баға алып әбүйірге ие болып жүр. Суретші мұғалімдер өздерінің көркем шығармаларында туған табиғаттың әсемдігі, қарапайым адамдардың тіршілігі, сондай-ақ ұлтымыздың салт дәстүрі мен әдет ғұрпын кестелеп, живопись өнерінің соны туындыларын тудырды. Кафедрада жұмыс жасайтын оқытушыларының шығармашылықпен айналысып, көрермендермен қауышып ізгі іс жасап, мемлекеттік атақтар мен құрметтерге ие болуы, студенттерді шығармашылық ізденістерге шабыттандырып, живопистің шексіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылдырып, өмірді сан қырынан танып білуге итермелеп, болашақта жақсы суретші - педагог болып қалыптасуына жігер беріп, оның таланты мен қабілетін қалыптастыруға көмектесті. Осы айтылған сөздеріміздің дәлелі, ауыз толтырып айтарлық нәтижелердің белгісіндей болып өнерімен әлемді тәнті еткен кешегі біздің студенттеріміз, бүгінгі ұлтымыздың мақтаныштары болған талантарымыз жайлы сөз айтпай болмайды. КАФЕДАРА МАҚТАНЫШТАРЫ. Живопись кафедрасында диплом қорғап бітірген мамандар, өздері алған сурет сызу мұғалімі деген мамандығынан басқа: кәсіби суретші, өнертанушы болып жұмыс жасап, республикада көркемсурет өнерінің дамуына үлкен үлес қосып, ұлағатты іс істеп отыр. Бұл айтылғандардың бір белгісі, Кафедраны бітірушілер: аймақтық, облыстық, қалалық, республикалық, шетелдік көрмелерге қатысып, университетіміз бен факультетіміздің атын аспанға шығарып жатыр. Сол, кафедраның атын әлемге шығарып жүрген мақтаныштарымыздың атын атасақ, олар мыналар: Е.Тулепбай, А.Бегов, Л.Медведьев, В.Кнак, М.Пархариди, М.Аманжолов, А. Ильин. Ю. Плотников, Б.Байжігітов, А.Нақысбеков, В.Власюк, М.Нұрлыбаев, Т.Бейсенбинов, Т.Қожағұлов, Р.Б.Мизанбаев, Н.Қилыбаев, Қ.Қыстаубаев, Қ.Медешов, Т.Ақпанов, Қ.Ақпанов, Қ.Болатбаев, А.Сихаев, Ж.Балкенов, Б.Умарбеков, Т.Абуов, А.Қазғұлов, С.Алжанов, Ш.Саменов, Т.Искаков, Х.Кикимов, М.Нисупов, М.Бексұлтанов, А.Дашко, В.Игнашев, С.Коротин, Х.Зубанов, П.Драгунов, М.Нарымбетов, М.Мусин, А.Люйко, Е.Те, С.Масловтар секілді бұрынғы студент, қазіргі дүниеге танымал суретшілер.
Көркем сурет факультетін бітірген мамандар қазір Мемлекетіміздің әр түкпірінде, еңбек етіп қызмет жасайды. Мемлекетімізге қызмет ететін кәсіби маман дайындау Университетіміздің алға қойған ізгі мақсаттарының бірі. Сол мақсаттың жүзеге асуы үшін, «Живопись» кафедрасы ұстаздары дамылсыз еңбек етуде. Зав. кафедры Живописи к.п.н., профессор Кожагулов Т.М.
|