Негізгі бет
Жаңалықтар
20.06.2019 Білім беруді дамыту мәселелері: университеттің миссиясы
2019 жылдың 18 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім берудің заманауи трендтері» Жазғы мектебінің аясында «Білім беруді дамыту мәселелері: университеттің миссиясы» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты - жоғары және орта білім беру жүйесінің қазіргі мәселелерін талқылау, саланы дамыту тәжірибесін талдау.
Семинар жұмысына ректор Такир Балықбаев, проректорлар, департамент және институт директорлары, кафедра меңгерушілері, университеттің құрылымдық бөлім басшылары қатысты.
Семинардың негізгі баяндамашысы - Almaty Management University президенті Асылбек Қожахметов. Ол «Мектеп болашағы: университеттің көзқарасы» және «XXI ғасырдағы университеттердің үшінші миссиясы» тақырыбында баяндама жасады.
Бірінші тақырыпта Асылбек Қожахметов стратегиялық жетістік факторларын, білім берудің негізгі басымдықтарын, білім берудегі құндылықтарды, болашақ мектептердің фокустарын: көшбасшылық пен кәсіпкерлікке тәрбиелеуді, «Қоғамға қызмет көрсету» түсінігін баяндады. Ол мектептерді қайта құрудың бес принципін қоғамдағы адамның бәсекелестік позициясы, білім беру мекемелерінің басшыларының білімінің, құзыреттілігі мен кәсібилігінің маңыздылығы, студенттерді біртұтас оқыту және мектептердегі академиялық пәндерді таныстыру, білім беру жүйесіндегі өзгерістердің негізгі элементтері, мектептердің, колледждердің, университеттердің желілік өзара әрекеттесуін атап, білім беру - мемлекеттің дамуының негізі және мектептегі білім беру сапасы өзара сенімділік негізінде құрылатынын айтты.
Екінші баяндамасында ол білім беру сапасының экономиканы, инновацияны және азаматтық қоғамды дамытуға әсерін атап өтті. Мысалы, Дэвид Чарльздің (XXI ғасыр) заманауи университеттік үлгілері, білім генерациясы және трансляциясы, инновацияларды қалыптастыру (университетке тартылған немесе әсер ететін), университеттердің қоғаммен өзара әрекеттестігі, олардың әлеуметтік қызметі және жергілікті қауымдастықпен қарым-қатынасы, үшінші миссияның ерекшеліктерін көрсететін параметрлер туралы ақпарат берді.
Семинар барысында мектептегі білім, білім саласының даму кезеңдері, студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі туралы бірнеше бейнероликтер көрсетілді.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |