Негізгі бет /
Хабарландыру
30.12.2016 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Махаш Гаухар Абдуғаппарқызы «ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдеби сыны және оны оқыту әдістемесі» (1960-1990 жылдар) тақырыбында диссертациясы қорғалады. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақша. Ғылыми кеңесшілер: Рахымжанов Теңізбай Нәбиұлы - филология ғылымдарының докторы, профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Әрінова Бахыт Айтуқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Волкан Мұстафа Джошкун - PhD доктор, профессор. Мұғла Сытқы Кочман университеті (Түркия). Рецензенттер: Рысбаев Сулaйман Казбайұлы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қырғыз Білім беру академиясы, қырғыз тілі мен әдебиеті зертханасының меңгерушісі. Жұмақаева Береке - педагогика ғылымдарының докторы, доцент. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Қорғау 2017 жылдың 31 қаңтарында сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы 6D010000 - Білім беру (гуманитарлық ғылымдар) Диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 (3-қабат, 320-кабинет), веб-сайт - www.kaznpu.kz
|