қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

• Жалпы бағыттары.
Жан-жақты қамтылған - әлеуметтік маңызы бар, тәрбие мен оқыту процесі біртұтас, жағдайлары толық ескерілген, рухына, интеллектуалды, денсаулығы дамыған келешекте шығармашылық табыстарға дайын тұлғаларды тәрбиелеу ЖОО-ның басты мақсаты. Кафедрадағы тәрбие жұмыстың басты мақсаты: заманға сай көзқарас, рухани - танымдық, патриоттық сезімді, эстетикалық жоғарғы талғамды, дені сау, қоғам қайраткерлерін тәрбиелеу. Тәрбие жұмыстың негізгі бөлігі оқыту процессі барысында жүргізіледі.
Осыған байланысты 02.12.2013 жылы 5В010700- «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1 курс 12-3 тобымен бірге 1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
- 06.12.2013 жылы 5В010700- «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының 1 курс 12-3 тобымен бірге Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан - Тәуелсіздігіміздің бастауы» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
- 06.06.2013 жылы «Бабалар ерлігі - ұрпаққа өнеге» атты семнар сабағы ұйымдастырылды.
Эдвайзерлердің шаралары.
Оқыту процессінен тыс кезде студенттердің жеке басының шығармашылық шеберлігін жетілдіру шаралары өткізіледі. Осы мақсатта: 1 курс студенттерін қабылдауға арналған арнайы кеш ұйымдастыру, олимпиада, студенттердің шығармашылық, ғылыми-зерттеулерінің көрмесі, жұмыс берушілермен кездесу, университеті көркемдеу, студенттер университет өміріне қатысты іс - шараларға атсалысып отырады