қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.07.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы Германиядағы Гейдельберг педагогикалық университетінде болды

 

1-6 шілде аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы (Өнер, мәдениет және спорт интститутының директоры Токкожа Кужагулов, кафедра меңгерушісі, доцент Наталья Михайлова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері Айгуль Искакова және Маржан Таджиева) бірінші проректор Мақтағали Бектемесовтың басқаруымен Гейдельберг Педагогикалық университетіне (Германия) іс-сапармен барып қайтты.

 

Гейдельберг Педагогикалық университеті - 2015 жылдың қараша айынан университет ректоры Хунеке қызметке келгеннен бастап ҚазҰПУ-ның стратегиялық серіктесі болып табылады. Осы уақыт аралығында серіктес университеттер халықаралық қоғамдастықта белсенділік танытуда, соның ішінде ДААД жобаларын және оқытушы, бакалавриат және магистратура бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асырды. Ресми кездесулер аясында проф. Хунеке, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Кристиан Шпанегель, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Хенрике Шон, ғылым және методология центрінің директоры Майя Машунски және университеттен кейінгі білім департаменетінің директоры Николь Флиндт бірлесіп ғылыми журналдарда ғылыми еңбектерді және білім беру саласындағы бірлескен жобалармен айналысуға өз ниеттерін білдірді. Сонымен қатар, педагогикалық білім беру және халықаралық мәдениеттану саласындағы біліктілікті арттыру саласындағы халықаралық білім беруді жетілдіру үшін Педагогикалық білім берудің халықаралық орталығы (директор Х.Шон, директордың орынбасары - Аниа Баст-Шнейдер) ашылды. Проф. М.А. Бектемесовтың айтуныша орталық білім беру саласындағы зерттеулерді, білім беру бағдарламаларын дамытуды, ғылыми жобаларды, желілік конференцияларды, коммуникациялық платформаларды өткізуде біздің университетке де осы ынтымақтастық қызықты болады. Кездесудің негізгі нәтижесі ректор проф. Хунеке басқаруымен 26-29 қарашада 2019 жылы Гейделберг Педагогикалық университетінде өнер, мәдениет және спорт институты 50 жылдығының қарсаңында ҚазҰПУ оқытушыларының декоративті-көрмелік көрмесі ұйымдастырылады. Гейделберг Педагогикалық университеті өнер, мәдениет және спорт институтына арналған Өнер департаментімен (директор проф. Марио Урлас) кездесу, оқытушылардың семинарына қатысу, жалпы білім беретін мектептерде студенттерге сабақ өткізу, өнер галереясын ұйымдастыру және мемлекеттер арасында халықаралық диалог құру жоспарлады.


2019 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 15 қарашасына дейін біздің университетімізге профессор, PhD докторы Джон Кейн инклюзивті білім беру саласына байланысты дәріс оқиды. Сонымен қатар, Гейдельберг Педагогикалық университетінің 2 магистранты Абай атындағы ҚазҰПУ-ға және химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне тәжірибе алуға жіберіледі және біздің университетіміздің 2 магистранты және 3 докторанты осы жылдың қараша айында Гейдельберг Педагогикалық университетіне тәжіребе алуға жіберіледі. Екі университет те келешекте тығыз байланыста жұмыс істеп, іс-сапарлардарды ұйымдастыруға ниеттерін білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті