Негізгі бет
Жаңалықтар
01.09.2019 Құрметті әріптестер, ұстаздар мен студенттер! Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Білім күні қарсаңында Үкіметіміздің «Педагог мәртебесі туралы» Заңды бекітуі бүкіл еліміздің ұстаздар қауымын зор қуанышқа бөледі.
Мұғалімдердің құқықтарын кеңейтіп, көптеген әлеуметтік кепілдіктер беретін, ұстаздың алаңсыз жұмыс істеп, шығармашылықпен ізденуіне мүмкіндік беретін бұл заң педагог кадрларын даярлайтын біздер үшін де аса қадірлі.
Биыл біздің университетіміз 4350 жас толқынмен толықты. Оларға сапалы білім, саналы тәрбие беру - ұстаздарымыздың абыройлы борышы. Ал жан-жақты білім алып, әлемдік бәсекеге қабілетті маман болып шығу студенттерімізге сын. Ұстаздарымыз да, шәкірттеріміз де өз міндеттерін жауапкершілікпен сезініп, Абай университетінің атына лайық болады деп сенемін. «Абай жылы» деп жарияланған 2019-2020 оқу жылында жастарымыздың Абайдың «Толық адам» іліміне сай білім алуларына тілектеспін.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, толайым табыстар тілеймін. Жаңа оқу жылы құтты болсын.
Құрметпен, ректор Такир Балықбаев |