қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.09.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы «Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануын қолдайды

 

2019 жылғы 27 тамызда Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұсынған «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы мақұлданды.

 

«Ұстаз мәртебесі туралы» заң жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен әзірленді.

 

Әзірленген заң жобасы Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың орта білім беру жүйесін дамыту және білім сапасын арттыру жөніндегі алға қойған міндеттеріне жауап береді. Заң жобасын әзірлеудің негізгі идеясы - мұғалімдердің жүктемесін азайту, оларды өздеріне тән емес жұмыстарды орындаудан босату арқылы өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа мүмкіндік беру, мұғалімдердің кәсіби өсуіне және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасау. Мұнымен қатар, мұғалімдерді ынталандыру және мамандықтың беделін арттыру міндеті тұр.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы заң жобасының моделін және құрылымын жасауға белсенді қатысуда. Университет елімізде мұғалім кадрларын даярлаудың көшбасшысы бола отырып, бұл міндетті өз қызметіне тікелей байланысты тапсырма ретінде қабылдады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ профессорларының пікірлері:

1. Б.Х.Толеубекова;

2. О.Б.Тапалова;

3. А.Т.Акажанова;

4. Г.А.Кажигалиева

5. У.К.Киякбаева.