қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

     

Б.М. БЕКМУХАМЕДОВТІҢ АШЫҚ САБАҒЫ МЕН КЛАСТАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КОНЦЕРТІ

         25.04.2017ж. педагогика ғылымдарының докторы, доцент Б.М. Бекмухамедов «Мектеп репертуарының практикумы» пәні  бойынша 2(3) курс Азат Абай студентімен «Подбор по слуху фортепианного  аккомпанемента» атты ашық сабағын көрсетті. Сонымен қатар, «Музыкалық білім және  хореография»  кафедраның студенттері мен ПОҚ-мы қатысуымен,  «Негізгі музыкалық аспаптар/ фортепиано» атты пәнінен кластағы студенттерімен концерт берді.


         27-28.03.2017ж. «Музыкалық білім және хореография» кафедрасында «5В010600 - Музыкалық білім» мамандығы бойынша сырттай оқийтын студенттерінің мемлекеттік емтиханы өтті. Пәннің бір бөлігі - ол хормен жұмыс жасау, хормен дирижерлау.

Мемлекеттік емтиханның төрағасы - Т.Жүргенов атындағы ҚақҰӨА-ың профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ритта Рамазанқызы Жәрдемәлиева.  

Хордың орындауында студентік ән  «Gaudeamus», қазақ классикалық шығармаларынан - қазақ әні «Қамажай» Л.Хамиди өндеуінде, М.Сағатовтің «Алматым менің» Б.Демеуовтің өндеуінде, «Тоғай арасында» М.Төлебаевтікі, «Қыз Жібек» операсынан «Тұрғанда қара орманда» Е.Брусиловскийдің хоры; кенестік классика шығармаларынан -  Д.Б. Кабалевскийдің «Счастье» және т.б. шығармалар орындалынды.

Аралас хордың жетекшісі - п.ғ.к., қаум.профессор Светлана  Балагазова. Сүйемелдеуші: Алма Капсадыкова.

02.12.2016ж. «Музыкалық білім және хореография»  кафедрасының қауым. профессоры Алмат Мушельбаевич Құмаржанов «5В040900 - Хореография» мамандығы  бойынша 3-ші курс  студенттерімен «Қазақ биді  оқыту теориясы мен әдістемесі» атты шеберлік-сыныбын өткізді. Осы  іс-шара практикалық жұмыс процесінде хореография мәселелерін зерттеу және өз педагогтік жұмысың әзірленген әдістемесін көрсету  мақсатында өткізілген (суретте ортада).

Ең бастысы, - қазақтың ұлттық мәдениетінің даму барысында қазақ мектебінің негізгі принциптерін сақтау, ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлерін жалғастыру, - деп есептейді хореограф-ұстаз.

Кафедраның ұжымы (каф. меңгерушісі М.І. Джексембекова, А.М. Құлсеитова, Т.Ж. Қылышбаев, Е.Ж. Мұстафаев, Қ.Е. Ібраева, С.Т. Балағазова, А.Т. Айтуарова, Қ.Б. Намазова және б.) институт директор Б.А. Әлмұхамбетовпен  осы іс-шараға қатысып  шеберлік-сыныбын жүргізу бойынша ой пікірлерін қалдырды.

 

Эдвайзер жұмыстарының жалпы бағыттары.Мамандық студенттері-мен оқу-тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу 27 шілде 2007 ж. ҚР «Білім туралы» Заңының «Оқу және тәрбие үрдісін ұйымдастыру» 28 бабымен, 7 шілде 2004ж. ҚР «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңымен, 2006-2008 жж. арналған ҚР азаматтарын патриоттық тәрбиелеу бағдарламасымен, 3 қараша 2004 ж. 2005-2010 жж. білім беруді жетілдіру Мемлекеттік бағдарламасымен, 2006-2011 жж. ҚР ұйымдарында тәрбиелеудің Кешенді бағдарламасымен, Абай атындағы ҚазҰПУ тәрбие жоспарымен, Абай атындағы ҚазҰПУ дамыту Стратегиялық жоспарымен, академиялық топтардың эдвайзерлері мен тәлімгерлері туралы Ережелерімен айқындалады.

Жоғарыдағы ақпараттық қамтамасыздандыру негізінде патриоттық, құқықтық, рухани-адамгершілік, еңбек, экологиялық, кәсіби-шығармашылық тәрбие, салауатты өмір сүруді қалыптастыруды қарастыратын кафедраның тәрбие жұмысының жоспары, кафедра эдвайзерлері мен тәлімгерлерінің жұмыс жоспары құрастырылды.Маңызды тәрбиелік жұмыстар жалпы және топтық тәлімгерлер сағатында әңгімелесу барысында, өзбетіндік шығармашылық ойлауға бағытталған кәсіптік циклдағы пәндерді оқытуда практикалық сабақтарды  өткізуде жүзеге асады.

Тәрбие үрдісінің мәселелері жыл бойы кафедраның мәжілістерінде қарастырылады, шешімдерінің орындалуы бойынша бақылау жүргізіледі. Топ тәлімгерлері экономика, саясат, діни экстремизм, ҚР білім беру мен мәдениет, СПИД-тің алдын-алу мәселелері, Елбасының Қазақстан халқына жіберілетін Жарлығы сияқты өзекті мәселелер бойынша тақырыптық тәлімгерлік сағат өткізеді. Құқыққорғау ұйымдарының, медицина жұмысшыларының қайраткерлерімен кездесулер жүргізіледі. Кафедрада ҚР Президентінің  Жолдауы, тақырыптық тәлімгерлер сағатының, дөңгелек стөл, студенттердің тұратын  жері бойынша  әңгіме  және т.б.  іс-шараларыныңжоспарлары   бар. 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

ӨНЕР, Мәдениет және спорт ИНСТИТУТЫ

«Музыкалық білім және хореография» кафедрасының  есептік  концерті 08.12.2015 жыл