Біз туралы | Главная /
Косов Владимир Николаевич
Косов Владимир Николаевич
КОСОВ Владимир Николаевич Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Газдардың жылу физикасы және диффуздық салмаққа шыдамдылық саласының белгілі ғалымы, физика-математика ғылымдарының докторы (1998), Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық академиясының мүше-корреспонденті (2003) және академигі (2005). 2008 жылы жылу физикасы саласындағы ғылыми жетістіктері үшін Кембридж Халықаралық Биографиялық Орталығының (Ұлыбритания) медалын алған. 1962 жылы 16 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1984 жылы С.М. Киров атындағы ҚазҰУ-дың физика факультетін «жылу физикасы және молекурярлық физика» мамандығы бойынша бітіріп, осы оқу орнының аспирантурасын тәмамдаған (1989). 1989 жылы Орал политехникалық институтында (Свердловск қ.) «Жылу физикасы және молекулярлық физика» мамандығы бойынша «Диффуздық тұрақсыздық және кейбір үшкомпонентті газдық қоспадағы диффуздың әсерлі коэффиценттері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 1989-1990 жылдары ҚазҰУ-дың механика және қолданбалы математика факультетіндегі математикалық моделдеудің ғылыми-зерттеу зертханасында жұмыс істеген. Докторлық диссертациясын 1998 жылы Орал мемлекеттік техникалық университетінде (Екатеринбург қ.) «Диффуздық тұрақтылық және изотермиялық үшкомпонентті газдық қоспадағы концентрациялық конвекция» деген тақырыпта қорғаған. В.Н. Косовтың еңбек жолы 1984 жылы ҚазҰУ-ды бітіргеннен басталып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен байланысты. Бұл жерде ол аға оқытушылықтан теориялық физика және сандық моделдеу кафедрасының меңгерушісі қызмет жолынан өтті. Аталған кафедраны 10 жыл басқарды. 2000 жылдан бастап - университет проректоры: ғылыми істер жөнінде (2000-2005, 2008 жылдан осы уақытқа дейін) және оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша (2005-2008). Профессор Ю.И. Жавринмен (Қазақстан) бірлесіп, көпкомпонентті газдық қоспадағы диффузия кезіндегі механикалық тепе-теңдіктің тұрақсыздығын зерттеумен байланысты жаңа ғылыми бағытты қалыптастырды. Олар өздерінің жұмыстарында газдық қоспалар тығыздығының тұрақты стратификациясы бар көпкомпонентті жүйелерде концентрациялық гравитациялық конвекцияның пайда болу мүмкіндігін алғаш рет көрсетті. Профессор В.Н. Косов көпкомпонентті газдық қоспадағы диффуздық араласу кезінде құрылымдық ағыстың пайда болуын сипаттау үшін тұрақтылықтың конвективті теориясын қолдануға мүмкіндік беретін негізгі ережені дайындады. Сондай-ақ, айтарлықтай іргелі ғылыми нәтижеге кинетикалық фазалық өту «диффузия - концентрацилық конвекция» кезінде ауысым тәртібін анықтайтын критериальді шекаралық теңгеруді жатқызуға болады. В.Н. Косов профессорлар Ю.И. Жаврин және В.Д. Селезневпен (Ресей Федерациясы) бірлесіп, еркін конвекция жағдайындағы көпкомпонентті газдық жүйе компонентерінің аномальді бөлінуінің әсерін анықтап, теориялық тұрғыдан сипаттаған. В.Н. Косов - 3 монографияның және Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерландия, Франция, Италия, Бельгия, Венгрия, Чехия, Қытай, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінде жарық көрген 180-нен аса ғылыми еңбектің авторы. 2002 және 2006 жылы Қазақстан Республикасы ғылымы мен техникасын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан ғалым әрі маман ретінде физика-математика саласы бойынша Мемлекеттік ғылыми степендияның екі дүркін иегері болды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің физика саласына арналған іргелі ғылыми зерттеу бағдарламасы бойынша жобаларға бірнеше мәрте жетекші болды. Профессор В.Н. Косов өзінің бай ғылыми әлеуетін оқу-әдістеме және білім беру ісінде тиімді пайдаланып жүр. Әріптестерімен бірлесіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарына ұсынған «Теориялық физика» курсы бойынша 2 оқулық, сондай-ақ физиканың түрлі бөлімдері бойынша 5 оқу құралын дайындаған. Педагогика саласы бойынша В.Н. Косовтың ғылыми қызығушылық бағытына мектеп пен жоғары оқу орнындағы физика-математика және жаратылыстану пәндері бойынша білім беру үдерісін жоспарлау-жобалауға қатысты мәселелер кіреді. Оның физиканы оқытып-үйрету әдістемесі, білім сапасы менеджменті саласындағы дайындаған жұмыстары Неміс Академиялық Алмасу Қызметінің және Еуропалық Одақтың «Темпус» бағдарламасы бойынша түрлі халықаралық грантармен ынталандырылды. Профессор В.Н. Косов «Білім беру» тобының құрамында болып, «Физика» мамандығы бойынша ҚР-дың мемлекеттік білім беру стандарттарын дайындауға қатысты. Профессор В.Н. Косов өзінің ғылыми мектебін қалыптастырып, физика-математика және педагогика ғылымдары бойынша 2 ғылым докторы мен 7 ғылым кандидатын дайындады. Жемісті ғылыми-педагогикалық қызметі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
← Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|